Әз-Наурыз іс-шаралары жалғасып жатыр

«Ұлттық би және дәстүр күні». Дәл осындай атаумен бүгін Көкшетаудағы NIS-те Әз-Наурыз мейрамына арналған кезекті шаралар легі өтті. Қосымша білім беру педагогі Динара Мұхтарованың жетекшілігімен мектептің биші қыздары мың бұрала билеп, қазақтың ұлттық билерін орындады. Олардың қатарында «Жаңа дәуір» би ұжымының «Тойға шақыруы», Джаныбаева Мунира мен Даминаның «Аққуы», Самира Аушахметованың «Нәзігі», Инаят Рахметулина мен Амина […]


Әз-Наурыз: «Домбыра Party» өтті

Көкшетаудағы NIS-те Наурыз мейрамына орай бір апта бойы мерекелік шаралар мен тақырыптық күндер өтеді. Соған сәйкес бүгін – «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланып, мектеп атриумында «Домбыра Party» ұйымдастырылды. Қосымша білім беру педагогі Әділ Төреғожиннің жетекшілігімен 7-8 сынып оқушылары «Тепеңкөк», «Нәр ағашы», «Келіншек» халық күйлерін, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» […]


Лейла Нургалиева – Республикалық байқау жүлдегері

Биология пәнінің мұғалімі Лейла Нұрғалиева республикалық педагогикалық олимпиаданың жүлдегері атанды. Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Көкшетаудағы NIS-тен аталған байқауға биология пәнінің мұғалімі Лейла Нургалиева қатысып, жүлделі 2-орынды қанжығалады. Оңтүстік астанада Лейла Дәулетбекқызы Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуға ықпал ете алатын өзінің бірегей идеясын ұсынды. […]


«Берік отбасы» бағдарламасы қорытындыланды

«Берік отбасы» бағдарламасының жұмысы қорытындыланды. Бірнеше айдан астам уақыт аралығында 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында берік қарым-қатынас орнатып, мектеппен байланысын нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды.  Сабақтардың нәтижесінде ата-аналар балаларының жағдайы мен олардың психологиялық күйін тиімді талдауды, оларды керек кезде қолдауды үйренді. Отбасы мүшелері бірін-бірі тыңдауды, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға дағдыланды. Қорытынды кездесудің соңында […]


Ашық есік күндері жалғасып жатыр

Бұған дейін Көкшетаудағы NIS 2024-2025 оқу жылында бастауыш сыныптарға қабылдау жүргізетінін хабарлаған едік. Осыған орай мектеп қабырғасында кезекті ашық есік күні өтті. Бұл жолы ата-аналар өздерінің балаларын бірге ертіп келуге мүмкіндік алды. Ата-аналар бастауыш сыныптардың оқу кабинеттерімен, мектептің жабдықталуымен танысты. Сондай-ақ мәжіліс залында бастауыш сынып балаларына арналған білім беру бағдарламаларына, үйірмелеріне қатысты ақпарат алды. «Ғылымға […]


Премьера: «Глобус» театр студиясы көрерменімен қайта қауышты

Бүгін Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасының премьерасы өтті. Жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы Көкшетаудағы NIS-те сахналанды. «Глобус» театр студиясының қатысушылары қосымша білім беру педагогі, режиссер Асылбек Ташимовтың жетекшілігімен көрермен қауымға классикалық туындыны асқан шеберлікпен жеткізе білді. 9-10-сынып оқушылары Қозы мен Баянды, Қарабай мен Сарыбайды, Қодар […]


«Креатив-тартыс» зияткерлік ойынының жеңімпаздары белгілі болды

Көкшетаудағы NIS-тің 8-сынып оқушылары «Креатив-тартыс» VIII желілік зияткерлік ойынына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Павлодар қаласындағы NIS ұйымдастырған сайыста Әбілмансұр Азатұлы, Аделя Рахатова, Ардақ Болат, Хақназар Ермұхан ІІ орынға ие болды. «Креатив-тартыс» – оқушылардың сыни ойлауын, функционалды сауаттылығын, шешендік қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған ақыл-ой сайысы.


Театр фестивалі өтті

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы «Идут века, но Пушкин остается» конкурс-фестивалімен қорытындыланды. Байқау Көкшетаудағы NIS-тің орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдерімен ұйымдастырылды. Шараға қаланың жалпы білім беретін №1, 10, 14, 15, 17, 19 мектептері мен Красный Яр селосының №1 мектебінің 5-6-сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен №19 мектеп оқушылары марапатталды. Олар […]


Көкшетаудағы NIS-те орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті

Көкшетаудағы NIS-те Александр Пушкиннің 225 жылдығына арналған орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Шараға оқушылар мен мектеп мұғалімдері белсенді қатысып, апталықтың көркін келтірді. – Меніңше, біз смартфондардан, бүгінгі өмірдің жылдамдығы мен ырғағынан шаршаған сияқтымыз. Сондықтан классикалық әдебиеттің ықпалы мектеп қауымдастығына ерекше әсер етті, – дейді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зарина Алишпаева. Апталық аясында […]


Алғыс айту күніне арналған таңғы жиын өтті

Елімізде 1-наурыз – Алғыс айту күні. Алғыс айту күні – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Осыған орай, бүгін Көкшетаудағы NIS-тің дәстүрлі таңғы жиыны алғыс айту күніне арналды. «Бурабай» шаңырағының оқушылары концерттік бағдарлама әзірлеп, әуелете ән шырқады.