Ашық есік күндері жалғасып жатыр

Бұған дейін Көкшетаудағы NIS 2024-2025 оқу жылында бастауыш сыныптарға қабылдау жүргізетінін хабарлаған едік. Осыған орай мектеп қабырғасында кезекті ашық есік күні өтті. Бұл жолы ата-аналар өздерінің балаларын бірге ертіп келуге мүмкіндік алды.

Ата-аналар бастауыш сыныптардың оқу кабинеттерімен, мектептің жабдықталуымен танысты. Сондай-ақ мәжіліс залында бастауыш сынып балаларына арналған білім беру бағдарламаларына, үйірмелеріне қатысты ақпарат алды.

«Ғылымға кіріспе – математика – қазақ/орыс тілі және әдебиеті», «Өнер», «Robostar», «Жаныңдағы ғажайыптар», «Шектеусіз шығармашылық» көрмелері мектеп қонақтарына ұсынылды. Әр көрменің жауапты мұғалімдері NIS-те оқудың артықшылықтарын көрсетіп, өз жұмысының ерекшеліктерін айтып берді.

Шара соңында ата-аналар мектеп директоры Шырын Жұмабекова және директордың бастауыш мектеп жөніндегі орынбасары Айгүл Төлеубаеваға оқу ақысы, оқу мерзіміне, бағдарлмаға қатысты қызықтырған сұрақтарын қойды.

IMG_2662IMG_2669IMG_2675IMG_2659IMG_2593IMG_2601IMG_2606IMG_2625IMG_2635