Театр фестивалі өтті

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы «Идут века, но Пушкин остается» конкурс-фестивалімен қорытындыланды. Байқау Көкшетаудағы NIS-тің орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдерімен ұйымдастырылды. Шараға қаланың жалпы білім беретін №1, 10, 14, 15, 17, 19 мектептері мен Красный Яр селосының №1 мектебінің 5-6-сынып оқушылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен №19 мектеп оқушылары марапатталды. Олар А.С.Пушкиннің «Моцарт және Сальери» қойылымын сахналады. №1 мектеп-гимназиясының «Ренессанс» театр ұжымы жүлделі 2-орын иеленсе, 3-орынға №17 мектеп-гимназиясының «Хамелеон» театр ұжымы тұрақтады.

Айта кетейік, жалпы білім беретін мектептердің барлық мұғалімдері мен қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.

IMG_7992 (1)