Алғыс айту күніне арналған таңғы жиын өтті

Елімізде 1-наурыз – Алғыс айту күні. Алғыс айту күні – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Осыған орай, бүгін Көкшетаудағы NIS-тің дәстүрлі таңғы жиыны алғыс айту күніне арналды. «Бурабай» шаңырағының оқушылары концерттік бағдарлама әзірлеп, әуелете ән шырқады.