Лейла Нургалиева – Республикалық байқау жүлдегері

Биология пәнінің мұғалімі Лейла Нұрғалиева республикалық педагогикалық олимпиаданың жүлдегері атанды.

Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Көкшетаудағы NIS-тен аталған байқауға биология пәнінің мұғалімі Лейла Нургалиева қатысып, жүлделі 2-орынды қанжығалады.

Оңтүстік астанада Лейла Дәулетбекқызы Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуға ықпал ете алатын өзінің бірегей идеясын ұсынды. Байқау «TEDx» форматында өтті.

IMG_8592