«Берік отбасы» бағдарламасы қорытындыланды

«Берік отбасы» бағдарламасының жұмысы қорытындыланды. Бірнеше айдан астам уақыт аралығында 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында берік қарым-қатынас орнатып, мектеппен байланысын нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды. 

Сабақтардың нәтижесінде ата-аналар балаларының жағдайы мен олардың психологиялық күйін тиімді талдауды, оларды керек кезде қолдауды үйренді. Отбасы мүшелері бірін-бірі тыңдауды, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға дағдыланды.

Қорытынды кездесудің соңында мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ерболат Едрисов бағдарламаға белсенді қатысқан отбасыларға сертификат табыстап, алғыс білдірді. Мектептің психологиялық қызметі мен педагог-ұйымдастырушы-кураторлары ата-аналар қауымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.

IMG_2539IMG_2573IMG_2171IMG_2156IMG_2149IMG_2130IMG_2577