WRO-2024: Болашақ инженерлер

Көкшетаудағы NIS-те «WRO-2024» робототехникадан Дүниежүзілік олимпиаданың» өңірлік кезеңі өтті. Ақмола облысының озық ойлы оқушылары бір алаңда білім мен біліктерін сынады. Додаға жалпы саны 36 команда жиналды. 11-19 жас аралығындағы білім алушылар «Robomission» «Robosport», «Future Innovators» және «Future Engineers» санаттары бойынша өнер көрсетті.   Олимпиада қорытындылары: «Future Engineers» санаты: 1-орын – Диас Амангелді, Досжан Алдаберген, «Білім-Инновация» […]


Республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада Көкшетаудағы NIS оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, биология пәнінен күміс жүлдеге 12-сынып оқушылары Есентай Серікбай мен Расул Мейрам ие болды. Сондай-ақ 11-сынып оқушысы Кристина Суворина да биология пәнінен 2-орынға тұрақтады. 11-сынып оқушысы Амир Тюряев математика пәнінен қола жүлде жеңіп […]


Алия Мукажанова республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Мектептің 10-сынып оқушысы Алия Мукажанова білім сайысында жүлделі 3-орынға ие болды. Республикалық олимпиада екі кезеңнен құралды. Оқушылар әуелі онлайн форматтағы іріктеу кезеңінен өтіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Алия еліміздің өзге білім ордаларының оқушыларымен бәсекелесіп, 3-орынға тұрақтады.


Көкшетаудағы NIS мұғалімі авторлық құқыққа ие болды

Көкшетаудағы NIS-тің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Есбол Токеев пен 6-сынып оқушысы Амангелді Абдрахманов авторлық құқыққа ие болды. Жас маман Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығын дәріптейтін телеграм бот ойлап топқан. Ал Амангелді құралды толық меңгеріп, ғылыми жобаларда қорғап жүр. Бот арқылы сал-серілік өнер тақырыбын, оның ішінде Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығын балаларға оңай меңгертуге болады. Бұл – сабаққа […]


Ұлттық Дельфий ойындары өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Көкшетауда Ұлттық Дельфий ойындарының өңірлік іріктеу кезеңі аяқталды. Мәдени шара биыл XV рет ұйымдастырылып, бейнелеу, орындаушылық, қолданбалы, сөз, әлеуметтік, экологиялық өнер түрлеріндегі жас мамандарды біріктірді. Олардың қатарында Көкшетаудағы NIS оқушылары да бар. 8-сынып оқушысы Абылайхан Самат «Домбыра» аталымы бойынша 1-орын, 10-сынып оқушысы Снежана Ператинская «Эстрадалық ән айту» аталымы бойынша 2-орын, 8-сынып оқушысы Нұрдос Жанат 3-орынға […]


Халықаралық конференциядағы жүлделі орын

Алматы қаласындағы Республикалық Физика-Математика бағытындағы мектепте «Science.Technology.Algoritmization.Programming» халықаралық конференциясы өтті. Көкшетаудағы NIS-тің жас ғалымдары да шараға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Аталған конференцияның STEM бағыты бойынша ұзын саны 30-ға жуық жоба қорғалды. Қатысушылардың қатарында мектептің 9-сынып оқушылары Қайрат Ескен мен Даниэль Жакуповтың және Арнұр Ильясов пен Ескендір Ерікұлының жобалары да бар. Қос жұп та жүлделі […]


Құрметті педагогтер, ЖОО бітіруші курстарының студенттері, магистранттары және докторанттары!

Сіздерді дарынды және талантты балаларды оқытатын қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің бірегей қоғамдастығында жұмыс істеуге шақырамыз! Конкурсқа қатысу үшін үміткер: – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның https://www.nis.edu.kz/ сайтында «NIS-те жұмыс істеу» – кадр порталына өтіңіз – career.nis.edu.kz – «Педагогтерді конкурстық іріктеу» мәзір бөлімінде «Өтінім беру» тармағын таңдаңыз; – қызығушылық танытатын Зияткерлік мектепті таңдаңыз; – жеке ақпаратты толтырыңыз; […]


Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Бүгін көптен күткен «Өркен» грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу нәтижелері жарияланды. Өздеріңіз білетіндей, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу конкурстық негізде өтеді. Халықаралық стандарттарға сай іріктеу жүйесі жылдар бойы өзінің тиімділігі мен ашықтығымен ерекшеленіп отыр. Бұған жыл сайын мектептерімізге оқуға түсуге ниетті оқушылардың қатарының артуы дәлел. Биылдың өзінде конкурсқа 27 361 үміткер қатысты. Бұл орта есеппен […]


Көкшетаудағы NIS оқушыларының жаһандық мәселелерді шешу жолдары жоғары бағаланды

Астана қаласындағы NIS-те жыл сайынғы Global Perspectives and Project Work and Economics Conference үшінші желілік конференциясы өтті. Бұл шара академиялық зерттеулер мен серіктестіктің маңызды бөлігіне айналды. Көкшетаудағы NIS оқушылары аталған алаңда өз жобаларын қорғап, жаһандық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Байқаудың қазылар алқасының құрамына Tamos Space School, Harmony STEAM, Haileybury Astana, Quantum STEM School және өзге […]


Тірек мектеп мұғалімдеріне арналған кезекті тағылымдама

Ауылдық елді мекендердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту. Аталған жоба аясында Көкшетаудағы NIS-те Ақмола облысы тірек мектептерінің 50-ге жуық мұғалімі тағылымдамадан өтті. Семинарға Шортанды ауылының №3, Бурабай ауданы Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы жалпы орта мектептерінің қызметкерлері қатысты. Шара қатысушылары NIS мұғалімдерінің сабақтарын, шеберлік сағаттарын, тренингтері мен семинарларын тыңдап, тәжірибе жинақтады. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық, сондай-ақ бастауыш сынып […]