Пример Пример

МиссиясыАдамгершiлiк құндылықтарға негiзделген отандық жəне халықаралық озық тəжiрибенi енгiзу арқылы көпмəдениеттi, өз елiнiң шынайы патриоты болатын азаматты қалыптастыруға ықпал ететiн қолайлы бiлiм беру ортасын құру.

Пайымдау:   Бiздiң түлектер – үш тiлдi еркiн меңгерген, сыни ойлай алатын, туған өлкесiнiң тарихын бiлетiн, өмiр бойы үздiксiз бiлiм алуға қабiлеттi əлем азаматтары.

Құндылықтар:

  • Құрмет
  • Ынтымақтастық
  • Ашықтық
  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
  • Еңбек және шығармашылық
  • Өмір бойы білім алу

Әлем азаматы: Жергілікті, ұлттық, жаһандық мәселелерді сыни тұрғыдан түсініп, шешуге өз үлeсін қоса алатын, әлем азаматтарына  құрметпен қарайтын, ғаламдық тәжірибені бойына сіңірген тұлға.

Көпмәдениеттілік: Әр түрлі әлем мәдениеттін құрметтеу, олардың өркендеуіне жағдай жасау және өз ұлтының ерекшелігі мен құндылықтарын сақтап, дамыту.

Интернационализм: Әлем халықтарының арасыдағы  келісім, достық  ұлтқа, дінге қарамастан барлық адамдарға  тең болып есептеледі.

Цифрлық азаматтық: Жаһандық желі кеңістігінде цифрлық технологиялар мен ресурстарды жауапты, қауіпсіз және этикалық тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылар жиынтығы.

Сапалы білім беру: Мектеп қауымдастығының әрбір мүшесінің қазіргі және болашақ әлем талаптарына жауап беретін тиісті  білім мен өмірлік дағдыларды меңгеру мақсатындағы ынтымақтастық.