Әз-Наурыз іс-шаралары жалғасып жатыр

«Ұлттық би және дәстүр күні». Дәл осындай атаумен бүгін Көкшетаудағы NIS-те Әз-Наурыз мейрамына арналған кезекті шаралар легі өтті.
Қосымша білім беру педагогі Динара Мұхтарованың жетекшілігімен мектептің биші қыздары мың бұрала билеп, қазақтың ұлттық билерін орындады. Олардың қатарында «Жаңа дәуір» би ұжымының «Тойға шақыруы», Джаныбаева Мунира мен Даминаның «Аққуы», Самира Аушахметованың «Нәзігі», Инаят Рахметулина мен Амина Хаирбектің «Қамажайы» бар.
Оған қоса 5-12-сынып оқушылары арасында педагог-ұйымдастырушы-куратор Дина Калымтаева мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Дәстүрлер» зияткерлік ойыны «Kahoot» форматында өтті.
Айта кетейік, осындай тақырыптық күндер мен мерекелік іс-шаралар мектебімізде 19-наурызға дейін жалғасады.

IMG_3032IMG_3027IMG_3006IMG_2995IMG_2994IMG_2981IMG_2966