Көкшетаудағы NIS-те орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті

Көкшетаудағы NIS-те Александр Пушкиннің 225 жылдығына арналған орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Шараға оқушылар мен мектеп мұғалімдері белсенді қатысып, апталықтың көркін келтірді.

– Меніңше, біз смартфондардан, бүгінгі өмірдің жылдамдығы мен ырғағынан шаршаған сияқтымыз. Сондықтан классикалық әдебиеттің ықпалы мектеп қауымдастығына ерекше әсер етті, – дейді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зарина Алишпаева.

Апталық аясында оқушылар мектеп радиосынан шырқалған Пушкин шығармаларының терең мағынасын сезіне алды. Ал жоғары буын балалық шақтарын еріксіз еске алды.

Апталықтың жарқын қорытындысы – Пушкин балы. Даниил Гаврилов, Ясмин Ластаева, Али Куаныш және Нурали Башенов ақынның «Я вас любил», «Что в имени тебе моем?», «Не пробуждай воспоминаний» шығармаларын асқан шеберлікпен оқыды.

– Әріптестер, бізге классикалық әндер де, би де, Пушкиннің өлеңдері де керек. Бұл – моральдық және эстетикалық құндылықтарды қалыптастырудағы таптырмас құрал», – деп түйіндеді сөзін Зарина Алишпаева.