Әз-Наурыз: «Домбыра Party» өтті

Көкшетаудағы NIS-те Наурыз мейрамына орай бір апта бойы мерекелік шаралар мен тақырыптық күндер өтеді. Соған сәйкес бүгін – «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланып, мектеп атриумында «Домбыра Party» ұйымдастырылды.

Қосымша білім беру педагогі Әділ Төреғожиннің жетекшілігімен 7-8 сынып оқушылары «Тепеңкөк», «Нәр ағашы», «Келіншек» халық күйлерін, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» күйлерін орындады.

42 зияткер ұзын саны 7 күйді орындап шығып, мектеп қауымдастығының ыстық ықыласына бөленді.

IMG_2898IMG_2918IMG_2950IMG_2851IMG_2854IMG_2859IMG_2882IMG_2897