«Креатив-тартыс» зияткерлік ойынының жеңімпаздары белгілі болды

Көкшетаудағы NIS-тің 8-сынып оқушылары «Креатив-тартыс» VIII желілік зияткерлік ойынына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Павлодар қаласындағы NIS ұйымдастырған сайыста Әбілмансұр Азатұлы, Аделя Рахатова, Ардақ Болат, Хақназар Ермұхан ІІ орынға ие болды.

«Креатив-тартыс» – оқушылардың сыни ойлауын, функционалды сауаттылығын, шешендік қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған ақыл-ой сайысы.

IMG_2292