Армысың, Әз-Наурыз!

Көкшетаудағы NIS-те Наурыз мейрамына арналған іс-шаралардың тізбегі мерекелік концерт пен ақ дастарханмен түйінделді. Бір апта бойы мектеп қабырғасында «Ұлттық домбыра», «Ұлттық би және дәстүр», «Ұлттық ойын», «Ұлттық әндер» мен «Ұлттық тағам» күндері өтті. Осы уақыт аралығында білім ордасы ән мен күйге, жыр мен биге, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге толы болды: Бес күндік шараларымыз бүгін өз мәресіне […]


Мектеп жатақханасындағы «Бауырсақ FEST»

Мектеп жатақханасында өткен демалыс күндерінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Бауырсақ FEST» шарасы өтті. Бұл күні ұлттық киім мен ұлттық тағамдар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар кеңінен насихатталды. Зияткерлер ән шырқап, би билеп, өнерлерін ортаға салса, ата-аналар қауымы да қалыс қалған жоқ. Мерекелік бағдарламамен басталған шара салт-дәстүрлерді орындаумен жалғасып, ұлттық ойындарды ойнаумен әрленіп, ақ дастархан басындағы көңілді отырыспен […]


Браво, «Bravissimo»!

Көкшетаудағы NIS-тің «Bravissimo» хоры республикалық шығармашылық фестивальде жүлделі 1-орынға ие болды. Зияткерлердің аталған байқаудан жеке де жетістіктері бар. 16-наурыз күні Көкшетау қаласында «The legacy show art spring 2024» атты республикалық шығармашылық фестиваль өтті. Сайысқа Көкшетаудағы NIS-тің жас орындаушылары да түсті. Байқаудың нәтижесі бойынша, «Bravissimo» хоры 1-орын, жеке орындауда 7-сынып оқушысы Жандос Оралұлы 2-орын иеленсе, 10-сынып […]


Кезекті Бас жүлде!

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS халықаралық аналар мерекесіне орай «Қазақ әндері» жобасы аясында «Жан шуағым – мерекем» атты желілік шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Көкшетаудағы NIS-тен вокалистер арасындағы сайысқа «Bravissimo» тобының құрамандағы оқушылар түсіп, бас жүлдеге ие болды. 7-8-сынып оқушылары Нұрали Төлеген, Нұрислам Бейсенбек, Жандос Досымов, Жандос Оралұлы, Сұлтан Макипов, Әмір Жақсылық, Атамұра Берімбай, Алижан Бейсенов, Абылайхан […]


Көкшетаудағы NIS: «Ұлттық ойын күні»

Бұған дейін Көкшетаудағы NIS-те «Ұлттық домбыра» және «Ұлттық би, дәстүр» күні өткенін хабарлған едік. Кезекті күн «Ұлттық ойындарға» арналды. Бұл күні мектеп оқушылары асық ату, бестас асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қол күресі, ләңгі тебуден күштерін сынады.


Мектеп оқушылары желілік байқау жеңімпазы атанды

Көкшетаудағы NIS-тің 9-сынып оқушылары «Книга в кадре» буктрейлер байқауында жүлделі орындарға ие болды. Байқауға 9 Назарбаев Зияткерлік мектебінен жалпы саны 15 жұмыс ұсынылды. Олардың жұмыстары орыс классиктері Михаил Лермонтовтың 200 жылдығына, Николай Гогольдің 215 жыдығына және Александр Пушкиннің 225 жылдығына арналды. Қазылар алқасы байқау материалдарын тақырыптың ашылуына, өзге жұмыстардан ерекшелігіне, әуен мен бейненің үйлесімділігіне, оқушылардың […]


Әз-Наурыз іс-шаралары жалғасып жатыр

«Ұлттық би және дәстүр күні». Дәл осындай атаумен бүгін Көкшетаудағы NIS-те Әз-Наурыз мейрамына арналған кезекті шаралар легі өтті. Қосымша білім беру педагогі Динара Мұхтарованың жетекшілігімен мектептің биші қыздары мың бұрала билеп, қазақтың ұлттық билерін орындады. Олардың қатарында «Жаңа дәуір» би ұжымының «Тойға шақыруы», Джаныбаева Мунира мен Даминаның «Аққуы», Самира Аушахметованың «Нәзігі», Инаят Рахметулина мен Амина […]


Әз-Наурыз: «Домбыра Party» өтті

Көкшетаудағы NIS-те Наурыз мейрамына орай бір апта бойы мерекелік шаралар мен тақырыптық күндер өтеді. Соған сәйкес бүгін – «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланып, мектеп атриумында «Домбыра Party» ұйымдастырылды. Қосымша білім беру педагогі Әділ Төреғожиннің жетекшілігімен 7-8 сынып оқушылары «Тепеңкөк», «Нәр ағашы», «Келіншек» халық күйлерін, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» […]


Лейла Нургалиева – Республикалық байқау жүлдегері

Биология пәнінің мұғалімі Лейла Нұрғалиева республикалық педагогикалық олимпиаданың жүлдегері атанды. Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Көкшетаудағы NIS-тен аталған байқауға биология пәнінің мұғалімі Лейла Нургалиева қатысып, жүлделі 2-орынды қанжығалады. Оңтүстік астанада Лейла Дәулетбекқызы Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуға ықпал ете алатын өзінің бірегей идеясын ұсынды. […]


«Берік отбасы» бағдарламасы қорытындыланды

«Берік отбасы» бағдарламасының жұмысы қорытындыланды. Бірнеше айдан астам уақыт аралығында 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында берік қарым-қатынас орнатып, мектеппен байланысын нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды.  Сабақтардың нәтижесінде ата-аналар балаларының жағдайы мен олардың психологиялық күйін тиімді талдауды, оларды керек кезде қолдауды үйренді. Отбасы мүшелері бірін-бірі тыңдауды, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға дағдыланды. Қорытынды кездесудің соңында […]