Мектеп оқушылары желілік байқау жеңімпазы атанды

Көкшетаудағы NIS-тің 9-сынып оқушылары «Книга в кадре» буктрейлер байқауында жүлделі орындарға ие болды. Байқауға 9 Назарбаев Зияткерлік мектебінен жалпы саны 15 жұмыс ұсынылды. Олардың жұмыстары орыс классиктері Михаил Лермонтовтың 200 жылдығына, Николай Гогольдің 215 жыдығына және Александр Пушкиннің 225 жылдығына арналды.

Қазылар алқасы байқау материалдарын тақырыптың ашылуына, өзге жұмыстардан ерекшелігіне, әуен мен бейненің үйлесімділігіне, оқушылардың әртістік қабілеттеріне қарап бағалады.

Осы талаптардан сүрінбей өткен Дилара Бекім, Жансерік Назымбек, Марғұлан Нұрлан, Дарья Прокопенко, Никита Фланчев байқау жеңімпазы атанды. Олар орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Людмила Старовойтованың жетекшілігімен Александр Пушкиннің «Боран» повесіне буктрейлер жасады. Мерей Мурзабаева, Бинура Мұсахан, Айнар Ғабдолла, Амина Белялова, Заһида Сабыр мұғалімдері Инара Абишеваның жетекшілігімен «Пиковая дама» шығармасына буктрейлер жасап, жүлделі 2-орын иеленді.

Сондай-ақ мектептің 7-сынып оқушысы Ақбота Арманова «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломына ие болды.

IMG_9074IMG_9073