Армысың, Әз-Наурыз!

Көкшетаудағы NIS-те Наурыз мейрамына арналған іс-шаралардың тізбегі мерекелік концерт пен ақ дастарханмен түйінделді.

Бір апта бойы мектеп қабырғасында «Ұлттық домбыра», «Ұлттық би және дәстүр», «Ұлттық ойын», «Ұлттық әндер» мен «Ұлттық тағам» күндері өтті. Осы уақыт аралығында білім ордасы ән мен күйге, жыр мен биге, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге толы болды:

  • Бес күндік шараларымыз бүгін өз мәресіне жетті. Осы бес күн бойы салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталды. Баршаңызға ұнады деген үміттеміз, – деп атап өтті мектеп директоры Шырын Жұмабекова.

«Армысың, Әз-Наурыз» атты қорытынды концертте де әуелете ән шырқалып, мың бұрала би биленді. Зияткерлер халықтың қос күйін шертіп, екі қазақ биін билеп, ұлттық әндер орындады. Шара Қыдыр атаның ақ батасымен аяқталды.

  • Жаңа жылымыз жаңа қуанышпен келсін! Отбасыларыңызға бақыт әкелсін, дастархандарыңызда әрдайым молшылық болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! – деп құттықтады мектеп қауымдастығын Шырын Жұмабекова.

    IMG_3484IMG_3472IMG_3457IMG_3440IMG_3373IMG_3369IMG_3363IMG_3317IMG_3282IMG_3496