Кезекті Бас жүлде!

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS халықаралық аналар мерекесіне орай «Қазақ әндері» жобасы аясында «Жан шуағым – мерекем» атты желілік шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Көкшетаудағы NIS-тен вокалистер арасындағы сайысқа «Bravissimo» тобының құрамандағы оқушылар түсіп, бас жүлдеге ие болды.

7-8-сынып оқушылары Нұрали Төлеген, Нұрислам Бейсенбек, Жандос Досымов, Жандос Оралұлы, Сұлтан Макипов, Әмір Жақсылық, Атамұра Берімбай, Алижан Бейсенов, Абылайхан Самат және Нұрдос Жанат «O Sole Mio» Неаполитан әнін шырқады. Жетекшісі – қосымша білім беру педагогі Анастасия Ператинская.

IMG_9219 (1)