Браво, «Bravissimo»!

Көкшетаудағы NIS-тің «Bravissimo» хоры республикалық шығармашылық фестивальде жүлделі 1-орынға ие болды. Зияткерлердің аталған байқаудан жеке де жетістіктері бар.

16-наурыз күні Көкшетау қаласында «The legacy show art spring 2024» атты республикалық шығармашылық фестиваль өтті. Сайысқа Көкшетаудағы NIS-тің жас орындаушылары да түсті. Байқаудың нәтижесі бойынша, «Bravissimo» хоры 1-орын, жеке орындауда 7-сынып оқушысы Жандос Оралұлы 2-орын иеленсе, 10-сынып оқушысы Снежана Ператинская бас жүлдеге ие болды.

IMG_9365IMG_9371IMG_9370IMG_9369IMG_9368IMG_9367