«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ-2021» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Туған елге тағзым-2021» өлкетану-зерттеу экспедициясы оқушыларының таңы флешмобтан басталды. Осыдан кейін балалар Бурабайға аттанды. Қазақстандық Швейцарияның тау, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы аңыз-әңгімелерін естіп қана қоймай, табиғатта тамаша демалып, қармен ойнап қайтты. Балалар экспедицияның үшінші күнін қызықты фильм көрумен аяқтады.


ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «БОЛАШАҚ САРАЙЫНДА»

«Туған елге тағзым» экспедициясының екінші күнін оқушылар «Болашақ сарайына» барумен бастады. Балалар заманауи технологиялармен жабдықталған ғимараттың игіліктерімен, өнер және спорт үйірмелермен танысып қайтты. 11-сынып оқушысы Иманбай Ділшат бізбен бүгінгі күннен өз әсерімен бөлісті. -Биыл мен бірінші рет «Туған елге тағзым» экспедициясына қатысып отырмын. Біз Көкшетаудың тарихы бай екендігін білдік. Бүгін біз Болашақ Сарайын тамашаладық. Бұл […]


ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ-2021. ОҚУШЫЛАР ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЕН ТЕРЕҢ ТАНЫСУДА

1 қараша күні Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте «Туған елге тағзым-2021» өлкетану-зерттеу экспедициясының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Жобаға өткен оқу жылында шаңырақтардан «Үздік» деп танылған оқушылар қатысуда. Экспедицияның алғашқы күнін қатысушылар мектеп өнерпаздары дайындаған квест-ойындар, викторина және тренингпен бастады. Ары қарай жас өлкетанушылар экспедиция маршруты бойынша өлкенің көне мәдени мекемелерінің бірі болып табылатын […]


«Туған елге тағзым»

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, «Туған елге тағзым» зерттеу өлкетану экспедициясының қатысушылары Маңғыстау облысында қызыққа толы екі күн өткізді. Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектептің ұжымы мен оқушылары қызықты бағдарлама әзірлепті. Онымен алдын ала танысқан біздің балалар өздерінің биология, тарих, әдебиет, география және өнер салаларындағы жобалары бойынша зерттеу жоспарларын құрастырып келген.  Біздің оқушыларды суы […]


“Туған елге тағзым”

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Туған елге тағзым» зерттеу өлкетану экспедициясының жоспарына сай Маңғыстау облысында қызыққа толы алты күн өткізді. Біздің оқушыларды суы көгілдір аспанмен және көкжиекпен ұштасқан Каспий теңізінің ауқымы таң қалдырды. Іргетасы 1975 жылы қаланған Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмелері өңірдің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты мен мәдениеті жайлы ақпарат береді. […]


Ақтөбе-«Айс» сүт компаниясы

Ақтөбе-«Айс» сүт компаниясы. 2017 жылдың 16 маусым күні «Туған елге тағзым» жоба барысында біз «Айс» сүт компаниясына бардық. Компанияның жетекші мамандары зауыт бойынша экскурсия жасай отыра, бізге сүттің өндіру, балмұздақ пен қаймақ, айран мен йогурттың, ірімшіктің жасалу кезеңдерін көрсетіп түсіндірді. Осы экскурсиядан соң, «Айс плюс» ЖШС Ақтөбе облысындағы жалғыз сүт өндірушісі мен өңдеушісі екенін білдік. [...]

Ақтөбе-ауылшаруашылық өлкесі

Ақтөбе-ауылшаруашылық  өлкесі.  Бүгін біз Ақтөбе облысының «Ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-не бардық. Осы станцияның жетекшісі Жубанышева А.У. бізді облыстың шаруашылық түрлерімен таныстырды. Станция  мал шаруашылығы, жылқы өсіру, жер игеру, картоп өсіру және дәнді-дақылдар өсіру атты бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімде өз мамандығын жетік білген, ғылыми атағы бар мамандардың жұмыс жасауы біздің бойымызда ғылымға деген құштарлықты [...]

Ақтөбе-дәрі-дәрмек жасау мекені

Ақтөбе-дәрі-дәрмек жасау  мекені. «Туған елге тағзым» жобасының  бағдарламасы бойынша бүгін біз тек Ақтөбе облысы үшін  ғана емес , бүкіл Қазақстанға маңызды  ЖШС «ТК Фарм Ақтобе» деп аталатын ірі фармацевтикалық компаниялардың біріне бардық.  Бұл  ЖШС «ТК Фарм Ақтобе» 2013 жылы ашылған екен.  Компания  Қазақстанда өсетін қызылмия, термопсия және чабрец сияқты жергілікті өсімдіктерінен шәрбаттарды дайындайды. Сондай-ақ, мия [...]

Мағжан Жұмабаев мұражайында

Мағжан Жұмабаев мұражайында Жексенбі. Демалыс уақыты. Қызылжар қаласы. Біз бірінші күнгі экспедициядан көп нәрсе күтпедік, себебі Мағжан Жұмабаев халыққа белгілі тұлғалардың бірі. Ол туралы еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін біледі деген ойлар болды. Бірақ біз Мағжан атамыздың мұражайына кіріп барғанда, ұлы тұлға туралы талай сырды өзіне бұғып жатқандай көрінді. Мұражай іші бетін әйнекпен қаптаған түрлі [...]

Батыр бабалар сырына үңілу

Батыр бабалар сырына үңілу Қызылжар қаласындағы саяхатымыз одан әрі жалғасуда. Бір күніміз бір күнімізге ұқсамайтын қызықты сәттерге толы болып келе жатыр. Мәселен, біз бүгін қала сыртына шықпай-ақ 4 нысанға барып үлгердік. Олар: Абылай ханның мұражайлық кешені (Абылай ханның Қызылжар қаласындағы ордасы) мешіт, шіркеу және Солтүстік Қазақстан облысының өлкелік мұражайы. Осы 4 нысанның ішінде мені ерекше [...]