ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ-2021. ОҚУШЫЛАР ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЕН ТЕРЕҢ ТАНЫСУДА

1 қараша күні Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте «Туған елге тағзым-2021» өлкетану-зерттеу экспедициясының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Жобаға өткен оқу жылында шаңырақтардан «Үздік» деп танылған оқушылар қатысуда. Экспедицияның алғашқы күнін қатысушылар мектеп өнерпаздары дайындаған квест-ойындар, викторина және тренингпен бастады. Ары қарай жас өлкетанушылар экспедиция маршруты бойынша өлкенің көне мәдени мекемелерінің бірі болып табылатын тарихи-өлкетану мұражайына барды. Бүгінгі таңда облыстық мұражай өлкенің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты мен мәдениеті бойынша 83 000-нан астам экспонаттарды құрайды.
Мұражай жетекшілері тарихи жәдігерлер жайындағы деректермен тереңірек бөлісті. Содан соң жас зерттеушілер Майбұлақ тауына жол тартты. Қызықты және танымдық экскурсиядан кейін 8 сынып оқушысы Қазикәрім Бекзат саяхаттан алған әсері тамаша екендігін айтты.
-Бүгінгі күні көптеген эмоциялар сезіндім. Көңіл-күйім қатты көтерілді. Мұражайға барғанда әр дәуірдегі қандай оқиғалар болғаны жайында естідім. Панорамаларды, қазбаларды, динозаврлардың сүйектерін көрдім. Бұл мені қатты таңқалдырды. Осы саяхат маған көп жақсы әсер беріп, жақсы көңіл-күйдемін.
Оқушылар 1-5 қараша аралығында қаланың ерекше сәулетін тамашалап, Көкшетау аймағындағы тарихи, мәдени нысандарды, атақты архитектуралық ғимараттарды зерттейді.
251893352_733088074314827_8095476543481406043_n252018267_733088174314817_865054651527838212_n