Ақтөбе-«Айс» сүт компаниясы

Ақтөбе-«Айс» сүт компаниясы.

2017 жылдың 16 маусым күні «Туған елге тағзым» жоба барысында біз «Айс» сүт компаниясына бардық. Компанияның жетекші мамандары зауыт бойынша экскурсия жасай отыра, бізге сүттің өндіру, балмұздақ пен қаймақ, айран мен йогурттың, ірімшіктің жасалу кезеңдерін көрсетіп түсіндірді. Осы экскурсиядан соң, «Айс плюс» ЖШС Ақтөбе облысындағы жалғыз сүт өндірушісі мен өңдеушісі екенін білдік. Бір жыл бұрын өткен модернизациядан кейін адам қолымен орындалатын үрдістердің бәрі автоматизацияланды. Бізді таңқалдырғаны- зауыттың қарамағында жекеменшік ферманың болуы және бір сауудан 30 литр сүт беретін голландиялық сиырлардың өсірілуі. Біздің назарымызды аударған жайт,сүттің табиғи және сапалы болуы соншалық, сүтті сақтау мерзімі 5 күнге ғана жетеді. Сүт ақуыз бен майлардың массалық үлесін анықтау сияқты физико-химиялық зерттеулерден өткеннен кейін, шикізат қайта тазаланады. Мысалы, сүт тығыздығы ариометр, ал нәруыз мөлшері « Лактан 1-4м » құралы арқылы анықталады. Нәтижесінде, сүт ағзаға жағымды және сіңуге оңай қалыптасады. Міне бүгін біздің оған көзіміз жетті. «Айс» ЖШС жетекшілері әрқайсымызға йогурт пен балмұздақтың дәмін татқызды. Осы арқылы біз өнімнің органолептік зерттеу жүргізіп, дәмін татып,тамсандық. Компания шынайы түрде күніне 50 тоннадан астам өнім шығарады. Бұл өнімдердің барлығы жергілікті гипермаркеттерге жеткізіледі. Жергілікті халықтан сауалнама жүргізу нәтижесінде компания өнімдерінің сапалығы дәлелденді. Ең қызығы, компания өз тауарларын облыстағы гипермаркеттер мен шағын дүкендермен шектелмей, Ресей сияқты шекаралас мемлекеттерге де экспорттайды.
Химия пәнінің мұғалімдерімен сүт құрамын анықтау бойынша зертханалық жұмыс жүргіздік. Мысалға айтқанда, сүттің қышқылдығын титрлеу арқылы метилоранж қолданып өткіздік. Бұл зерттеулердің де бізге пайдасы мол болды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар бізге қызықты, әрі ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыптарына сәйкес қосымша көп ақпарат берді.