Ақтөбе-ауылшаруашылық өлкесі

Ақтөбе-ауылшаруашылық  өлкесі.

 Бүгін біз Ақтөбе облысының «Ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-не бардық. Осы станцияның жетекшісі Жубанышева А.У. бізді облыстың шаруашылық түрлерімен таныстырды. Станция  мал шаруашылығы, жылқы өсіру, жер игеру, картоп өсіру және дәнді-дақылдар өсіру атты бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімде өз мамандығын жетік білген, ғылыми атағы бар мамандардың жұмыс жасауы біздің бойымызда ғылымға деген құштарлықты арттырды. Жетекшінің сұхбатынан біз Ұлы Отан соғысы жылдарында тары өсіруден рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің Ақтөбе облысының тумасы екені және оның еңбегі туралы қосымша мәлімет алдық.

Кеңседе біз теориялық материал алғаннан соң, егістік алқаптарға жол жүрдік. Онда біз бидайдың түрлерін,  құрғақшылықты жақсы көретін мақсары өсімдігін және дәрілік қасиеті бар мединцина шөптерін көріп, олар туралы қызықты ақпарат алдық. Осы алқаптарда сапалы өнім алу   және жердің құнарлығын сақтап қалу үшін  арамшөптердің жұлынбауы ерекше көзімізге түсті.  Мақсары өсімдігі бидаймен салыстырғанда бес есе аз егілгенімен, бірдей нәтиже беретінін білдік. Сондай-ақ бұл өсімдіктен шай, май алуға болатыны бізді қатты таңғалдырды. Қазіргі таңда мақсарыдан 30% май , салыстырмалы түрде АҚШ-та 40% алынады Біздің арамызда биология ғылымымен айналысатын оқушыларда бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу деген мақсат пайда болды.

Станцияның мамандары бидайды өзара будандастырып, әртүрлі гибрид өнімдерін шығарып отырады. Мысалы ,жақын арада мақсарының жаңа сорты-ахрам ойлап табылды.

Түстен кейін химия пәні мұғалімдерімен бидайдың сапасын бақылайтын зертханалық жұмыс жүргіздік. Ол жерде біз бидайдың критерийлер бойынша ылғалдылық, тазалық, бүтіндігін, түсі мен иісінің сапалығын анықтадық. Нәтижесінде Қазақстанның бидайы халықаралық стандарттарға сай екеніне көзіміз жетті. Бұл біздің бойымызда еліміз үшін мақтаныш сезімін тудырды.

Бүгінгі күн алдыңғы күндер сияқты пайдалы, әрі қызықты ақпараттарға толы болғанына қуанышт.