“Туған елге тағзым”

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Туған елге тағзым» зерттеу өлкетану экспедициясының жоспарына сай Маңғыстау облысында қызыққа толы алты күн өткізді.
Біздің оқушыларды суы көгілдір аспанмен және көкжиекпен ұштасқан Каспий теңізінің ауқымы таң қалдырды.
Іргетасы 1975 жылы қаланған Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмелері өңірдің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты мен мәдениеті жайлы ақпарат береді. Ал, ботаникалық бақ Маңғыстау облысының климатына тән өсімдік түрлерінің көптігімен ерекше.
         «Шақпақ ата жерасты мешіті өзінің тарихымен және ұлылығымен таң қалдырды. Ал, бірегей Ақеспе таулары Қазақстан табиғатының өте сұлу, бірегей екенінің тағы бір дәлелі. Сондықтан, біз – жастар осы табиғатты аялап ұстау өзіміздің тікелей міндетіміз екенін ұмытпағанымыз жөн!» – Мадина Айтболатова.

     «Туған елге тағзым» жобасының үшінші күнінде экспедициялық топ мүшелері Маңғышлақ түбегіндегі Форт-Шевченко қаласына ат басын бұрды. Оқушыларды аталмыш қаланың шығу тарихы мен жылдар бойы сақталып қалған сәулеті таң қалдырды. Орыс отаршылдарына қарсы көтерілген намысты батырлар Иса Тіленбаев пен Досан Тәжиевтің құрметіне 2010 жылы Көшер Байғазиев тұрғызған «Иса-Досан» ескерткіші бізді өзінің ұлылығымен таң қалдырды. Оған қарасаңыз батырлардың рухы әлі де туған жерді қорғап тұрғандай.

Төртінші күні біздің зияткерлер Маңғыстау облысының ең биік нүктесі  – Шерқала тауына аттанды.

     «Егер тауға бір жақтан қарасаңыз, ол үлкен ақ киіз үйге ұқсайды, ал, екінші жағынан Шерқала өзінің үлкен басын қолына қойып ұйықтап жатқан арыстан іспетті. Қала тұрғындары бұл тауды облыстың визиттік карточкасы дейді екен» – Хасан Жакиянов.

Таудан жақын маңда, Қайып-Ақбөбек ескерткіші орын тепкен.

     «Біз оның шығу тарихы жайлы құлағдар болдық. Белгілі болғандай, бұл ескерткіш кедей етікші мен ханның қызының арасындағы махаббатқа арналған екен» – Әдемі Жақсыбай.

Бұл жер туралы аңыз, әңгімелер өте көп. Мүсіннің жан-жағында бұлақ пен Ақмыш өзені ағып жатыр. Бұл аптап ыстықтан шаршаған жолаушылардың демалуына таптырмас жер.

Экспедицияның бесінші күнінде біздің зияткерлер Отпан тау мемориалдық кешеніне ат басын бұрды. Отпан тау – Маңғыстау жерінде орналасқан, Батыс Қаратаудың ең биік шыңы, биіктігі 530 метрге жетеді. Мемориалдық кешенге ауыз толтырып айтарлықтай тарихы бар ескерткіштер мен кесенелер және де «Отпан» мұражайы кіреді.

      «Бірінші біз мұражайға бардық. Оның бой көтергеніне ұзақ уақыт болмапты, дегенмен, Маңғыстау өміріндегі орнының зор екендігі байқалады. Мұражайда өткен түрлі іс-шаралардың арқасында біз Отпан таудың Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Сондай-ақ, мұражайда қуғын-сүргінге арналған, бұрынғы және қазіргі Қазақстан туралы баяндайтын жәдігергер бар. Отанымыздың тарихы туралы білу өте қызық әрі танымды болды.» – Елдана Жунуспекова.

Тағы бір ерекше сәт, оқушылар 37 метрлік ақтасты «Ақсарай» кесенесі орналасқан таудың биік шыңына көтерілді.  Сондай-ақ, бұл жерге Адай атаның екі ұлы Келімберді мен Құдайкені бейнелейтін қос стелла орнатылған. Адай ата туралы жазылған аңыз әңгімелер аз емес.

     «Адай ата өз халқы үшін талай ерлік жасаған батыр. Адай руы Маңғыстауды мекен еткен қазақ халқының ең жауынгер руларының бірі, ауыз халық шығармашылығын дәріптеген, ержүрек және батыр мінездерімен танымал. Ақсарай рухани байлықты, халықтың ғасырлар бойғы даналығын білдіреді және бұл жерде халықтың тарихи-мәдени, рухани құндылықтары шоғырланған.» – Абылайхан Мухамеджанов.

«Жақын маңда рух еркіндігі мен күштің символын бейнелейтін Көкбөрі ескерткіші орнатылған. Ертедегі аңыздарға сүйенсек, Көкбөрі – барлық түрік халқының арғы атасы саналады. Оның көз қарасы шығысқа қаратылған. Өйткені, ертеректе қазақ халқының жауларының көбі шығыстан болған. Ал, көкбөрінің тұрысы оның туған жерін қорғауға дайын екенін көрсетеді.»,-дейді экспедициядан алған әсерлерімен бөліскен оқушылар.

Қалаға келгеннен кейін  оқушалар Бектур Тимурмен кездесуге аттанды.

     «Бұл кездесуді біз асыға күттік, өйткені, Бектур Тимур танымал IT-сарапшы, блогер, медиа жаттықтырушы. Ол қазіргі қоғамдағы актуалды тақырыптарды талқыға салды: отаншылдық, бағдарламалау, Қазақстандағы қазіргі жастар туралы әңгіме өрбітті. Біздің туған елден жыраққа кетіп қалмай, отанымыздың көркеюі үшін аянбай еңбек ету керектігімізді айтты.» – Радмир Хабибулин.

Экспедицияның алтыншы күнінде Астана және Көкшетау Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары волонтерлармен біріге отырып, экспедицияның қорытындысын шығарды. Оқушылар 4 топқа бөлініп, Маңғыстау облысындағы 6 күн бойы алған білімдерін, сезімдерін, эмоцияларын постерге бейнелеп, топ болып қорғап шықты. Оқушылар бұл экспедицияның маңыздылығын ерекшелеп көрсетіп кетті. Ең соңында Ақтау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ерікті оқушылары шығып, өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. Кейін барлығы Маңғыстау облысының символы – Каспий теңізінің жағалауына, амфитеатрға барып, естелік суретке түсті.

Осы алты күн ұмытылмас сәттерге толы болды. Балалар Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының тарихында маңызды орынға ие көптеген жерлермен танысып, білімдерін жетілдірді. Олар осындай керемет жобаның қатысушылары болғандарына шексіз қуанышты. Маңғыстау облысының тарихы мен мәдениетін зерттей келе, қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларына қажетті көптеген мағлұматтар жинай алды. Мұндай экспедициялар оқушылардың бойындағы өз еліне деген сүйспеншілік пен мақтаныш сезімдерін артыра түсетіні сөзсіз.

“Туған елге тағзым” экспедициясы еліміздің түкпір-түкпіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасындағы достастықты бекітіп, бір отбасының балаларындай болуларына септігін тигізетіні  сөзсіз. Аталмыш ғылыми-зерттеу экспедициясы өте пайдалы әрі қызықты болды. Ол жерде өткен әр күн, әр сәт оқушылардың жалдында мәңгіге сақталмақ.

тетттт тетт тетррло тетолршд тет555 тет462 тет9 тет8 тет7 тет6 тет5 тет4 тет3 тет2 тет1 тет телда рлапък