ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «БОЛАШАҚ САРАЙЫНДА»

«Туған елге тағзым» экспедициясының екінші күнін оқушылар «Болашақ сарайына» барумен бастады. Балалар заманауи технологиялармен жабдықталған ғимараттың игіліктерімен, өнер және спорт үйірмелермен танысып қайтты.
11-сынып оқушысы Иманбай Ділшат бізбен бүгінгі күннен өз әсерімен бөлісті.
-Биыл мен бірінші рет «Туған елге тағзым» экспедициясына қатысып отырмын. Біз Көкшетаудың тарихы бай екендігін білдік. Бүгін біз Болашақ Сарайын тамашаладық. Бұл жерде әртүрлі веб-дизайндарды жасауды, бояу мен маймен сурет салу, балшықтан құмыраларды жасауды үйретті.
Ал 8-сынып оқушысы Ермуханов Ерсайын болса, тіпті гитарада ойнауды үйрететін үйірмеге жазылып та үлгерді.