Ақтөбе-дәрі-дәрмек жасау мекені

Ақтөбе-дәрі-дәрмек жасау  мекені.

«Туған елге тағзым» жобасының  бағдарламасы бойынша бүгін біз тек Ақтөбе облысы үшін  ғана емес , бүкіл Қазақстанға маңызды  ЖШС «ТК Фарм Ақтобе» деп аталатын ірі фармацевтикалық компаниялардың біріне бардық.  Бұл  ЖШС «ТК Фарм Ақтобе» 2013 жылы ашылған екен.  Компания  Қазақстанда өсетін қызылмия, термопсия және чабрец сияқты жергілікті өсімдіктерінен шәрбаттарды дайындайды. Сондай-ақ, мия мен пертуссин сироптары шығарылады. Осы экскурсия барысында бізді ерекше таңғалдырғаны-шәрбатты дайындау үрдісінің толықтай автоматтандырылуы, яғни экстрактқа спиртті қосу, қоспалардан тазарту, спирттің конденсациясы, таза ауадағы стерилизация, аммиактан тазарту, арнайы ыдыстарға құю жұмыстарының жаңа технологияның негізінде жүргізілуі. Өнімдердің  халықаралық өндірістік тәжірибеге сәйкес келуі,  жаңа технологиялалардың  қарқындап дамуы біздің бойымызда еліміз үшін  мақтаныш сезімімізді оятты. Бұл экскурсия  біздің арамыздағы оқушылардың кейбіреулерін айрықша қызықтырып, болашақта фармецевтикамен айналысуға, басқа пайдалы шөптерден жаңа дәрі-дәрмектерді шығаруға ынталандырды.

Күннің екінші жартысында химия пәндерінің мұғалімдері біз үшін зертханалық жұмыс жасап, көрсетті. Бұл жұмыстың мақсаты- шөптердің қосындысымен әмбепап кремын дайындау болатын. Осы зертханалық жұмыстың арқасында біз эмульгатордың колданысын білдік. Кремді дайындау үшін, диатомит сияқты минералды колдандық. Бұл минерал Қазақстанда тек Ақтөбеде кездеседі екен. Таңертеңгі экскурсиядан соң, оқушылар  шөптерден дәрі-дәрмектер жасалатынын білсек, зертханалық жұмыста олардан теріге жағатын сапалы крем жасауға болатынына көзіміз жетті. Сондай-ақ кремді жасау, тез әрі қарапайым үрдіс екенін байқадық.

Осы күні алынған ақпарат пен жүргізілген жұмыс біздің химия және биология пәндерінен алған теориялық білімімізді тереңдетіп, практикалық дағдыларымызды жетілдіруге мүмкіндік берді.