«Туған елге тағзым»

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, «Туған елге тағзым» зерттеу өлкетану экспедициясының қатысушылары Маңғыстау облысында қызыққа толы екі күн өткізді. Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектептің ұжымы мен оқушылары қызықты бағдарлама әзірлепті. Онымен алдын ала танысқан біздің балалар өздерінің биология, тарих, әдебиет, география және өнер салаларындағы жобалары бойынша зерттеу жоспарларын құрастырып келген. 
Біздің оқушыларды суы көгілдір аспанмен және көкжиекпен ұштасқан Каспий теңізінің ауқымы таң қалдырды. 
Іргетасы 1975 жылы қаланған Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмелері өңірдің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты мен мәдениеті жайлы ақпарат береді. Ал, ботаникалық бақ Маңғыстау облысының климатына тән өсімдік түрлерінің көптігімен ерекше. 
Шақпақ ата жерасты мешіті өзінің тарихымен және ұлылығымен таң қалдырды. Ал, бірегей Ақеспе таулары болса, Қазақстан табиғатының өте сұлу, бірегей екенінің тағы бір дәлелі. Сондықтан, біз – жастар осы табиғатты аялап ұстау өзіміздің тікелей мідетіміз екенін ұмытпағанымыз жөн! 

рлапък телда тет тет1 тет2 тет3