Словакияның Қазақстандағы елшісі Роберт Кирнаг Көкшетаудағы NIS-те

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Словакияның Қазақстандағы елшісі Роберт Кирнагпен кездесті. Елші «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық науқаны аясында мектептегі іс-шараға қатысып, зияткерлерді марапаттады.   11-сынып оқушылары Согдиана Назарымбетова мен Мирас Маратбеков елші мырзаны қарсы алып, мектептің жабдықталуымен таныстырып, оқу кабинеттерін аралатты. Роберт Кирнаг экскурсия барысында қыш ыдыстардың жасалуын көріп, ағаштан өрнек күйдіріп, […]


«IOSO-2023» жүлдегерлері

Көкшетаудағы NIS-тің 12-сынып оқушылары Мадина Абатова, Айгерім Ислямова және Еділ Қуанышбеков «IOSO-2023» олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды. Зияткерлер «Орта мектептегі химия, физика, биология» бағыты бойынша білімдерін сынады.


Тимбилдинг біріктіреді

«Сырдария», «Жетісу» және «Көкшетау» шаңырақтарының оқушылары демалыс уақытында «тимбилдингте» бас қосты. Бұл шара сынып ішінде жағымды ахуал қалыптастыру, Зияткерлерді бірлікке, татулыққа шақыру, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Аталған шаңырақтардың оқушылары педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Дариға Байгулина, Динара Зейникенова, Айжан Жолдасбаева және Динара Чагаева-Искакованың жетекшілігімен уақыттарын Зеренді демалыс аумағында өткізді. Кураторлардың айтуынша, аталған шара дәстүрге айналды және 10 жылға жуық […]


Тамыз кеңесі: мектеп директоры баяндама жасады

Көкшетаудағы NIS директоры Шырын Жұмабекова республикалық Тамыз кеңесінде сөз сөйледі. Республика көлемінде өткен «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тамыз кеңесінде Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Шырын Жұмабекова «Дарынды балаларды тәрбилеу – интеллектуалды мектептерде жазғы мектеп ұйымдастыру тәжірибесінен» тақырыбында баяндама жасады. Шырын Салкенқызы Зияткерлік мектептерде академиялық, спорттық және шығармашылық бағыттар бірдей ескерілетінін […]


Тамыз кеңесі: Көкшетаудағы NIS қызметкерлері тәжірибесімен бөлісті

Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкерлері «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесіне қатысып, NIS жүйесінің тәжірибесімен бөлісті. Бүгін еліміздің барлық өңірінде білім беру қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» республикалық тамыз кеңесі бастау алды. Педагогтардың дәстүрлі шарасы биыл жаңа форматта ұйымдастырылды. Әр облысқа өзіндік […]


Көкшетаудағы NIS әкімшілігі дәстүрлі Тамыз конференциясында

Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Кәсіби оқыту қауымдастығының дамуы: сапа мен тиімділік» атты NIS-тің жыл сайынғы Тамыз конференциясы жалғасын тапты. Ауқымды педагогикалық кеңеске 200 мұғалім дәстүрлі форматта қатысса, 3500 ұстаз қашықтан қосылды. Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Шырын Жұмабекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерболат Едрисов, оқу ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Қанапов және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі […]


Гүлдана Құрманәлі – «Жыл ұстазы» төсбелгісінің иегері

Дубайда өткен халықаралық семинарда Көкшетаудағы NIS ұстазы Гүлдана Құрманәлі «Жыл ұстазы» төсбелгісінің иегері атанды. Шілде айының 1-5 шілде аралығында БАӘ астанасы Дубай қаласындағы «Amity University»-де «Болашақ білім: инновациялық технологиялар және Smart оқыту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік, педагогикалық семинар өтті. Мақсаты – білім беру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Аталған семинарға Көкшетаудағы NIS-тің химия-биология пәнінің мұғалімі Гүлдана Құрманәлі […]


ÖRKEN PODCAST: Жыл қорытындылары

Назарларыңызға «Өркен» подкастымыздың алғашқы шығарылымын ұсынамыз. Бұл – «NIS SCHOOL RADIO» мектепішілік радиосының төл туындысы. Бұған дейін аудионұсқада шыққан подкастымыздың көптен күткен бейне нұсқасын «Ютуб» арнамызға жүктеп қойдық. Пікір білдіріп, бөлісіп, қолдау білдіріңіздер! Бұл шығарылымда: Радионың, подкасттың пайда болу тарихы; Көкшетаудағы NIS-тегі жыл қорытындылары; Келесі оқу жылына жоспарлар.


«Жазғы мектеп – 2023»

Көкшетаудағы NIS-те 2-15 маусым аралығында мектеп оқушыларына арналған «Жазғы мектеп» курстары өтті. 2 апта аралығында зияткерлер түрлі сабақтар мен танымдық сағаттарға қатысып, білім-біліктерін шыңдады. Сондай-ақ денелерін шынықтырып, шығармашылық қабілеттерін де арттыра алды. Оқушыларға «Айналамыздағы физика», «Тәжірибелік физика», Стандартты емес есептерді шығару, «Математикалық академия», «Идеядан өндіріске дейін», «3D модельдеу», «Home sweet home», «NIS SMM manager», «IELTS […]


«ТЕТ-2023»: Экспедиция мүшелері Қазақстан Республикасының чемпионатында

«Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясының кезекті күнінде зияткерлер теңге ілу мен жамбы атудан Қазақстан Республикасының чемпионатының үстінен түсті. Жас зерттеушілер экспедицияның төртінші күнінде «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамына барып, күллі Қазақстанға белгілі «Turan» өнімдерінің қалай дайындалатынын өз көздерімен көрді. Сондай-ақ, «КАМАЗ-Инжиниринг» зауыты мен «Тыныс» акционерлік қоғамындағы экскурсия барысында озық технология үлгілерімен танысты. Красный Яр ауылындағы […]