Тамыз кеңесі: мектеп директоры баяндама жасады

Көкшетаудағы NIS директоры Шырын Жұмабекова республикалық Тамыз кеңесінде сөз сөйледі.

Республика көлемінде өткен «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тамыз кеңесінде Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Шырын Жұмабекова «Дарынды балаларды тәрбилеу – интеллектуалды мектептерде жазғы мектеп ұйымдастыру тәжірибесінен» тақырыбында баяндама жасады.

Шырын Салкенқызы Зияткерлік мектептерде академиялық, спорттық және шығармашылық бағыттар бірдей ескерілетінін атап өтті. Сондай-ақ жазғы мектепті ұйымдастырудың ерекшеліктері мен артықшылықтарын алға тартып, NIS жүйесіндегі «Photo camp», «Young Explorers» сияқты бағдарламалардың оқушылардың бойында зерттеу, суретке түсіру, жазу дағдыларын қалыптастыратынын айтты.

IMG_5332IMG_5331IMG_5330IMG_5333