Тимбилдинг біріктіреді

«Сырдария», «Жетісу» және «Көкшетау» шаңырақтарының оқушылары демалыс уақытында «тимбилдингте» бас қосты. Бұл шара сынып ішінде жағымды ахуал қалыптастыру, Зияткерлерді бірлікке, татулыққа шақыру, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Аталған шаңырақтардың оқушылары педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Дариға Байгулина, Динара Зейникенова, Айжан Жолдасбаева және Динара Чагаева-Искакованың жетекшілігімен уақыттарын Зеренді демалыс аумағында өткізді.

Кураторлардың айтуынша, аталған шара дәстүрге айналды және 10 жылға жуық уақыт бойы өткізіліп келеді. Оқушылар бір сәтке сергіп, сабаққа деген құлшыныстарын арттырды деп сенеміз!

IMG_6661IMG_6665IMG_6662