Көкшетаудағы NIS әкімшілігі дәстүрлі Тамыз конференциясында

Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Кәсіби оқыту қауымдастығының дамуы: сапа мен тиімділік» атты NIS-тің жыл сайынғы Тамыз конференциясы жалғасын тапты. Ауқымды педагогикалық кеңеске 200 мұғалім дәстүрлі форматта қатысса, 3500 ұстаз қашықтан қосылды.

Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Шырын Жұмабекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерболат Едрисов, оқу ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Қанапов және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Сымбат Зыкрина да NIS желісіндегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға киелі Түркістанға табан тіреді.

Ресми ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысушыларды NIS-тің 15 жылдығымен құттықтап, жаңа оқу жылының басты басымдықтарын «Кәсіби оқыту қауымдастығын құру арқылы NIS болашағын қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасында айқындады.