Туған елге тағзым: 3-күн

«Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясының кезекті күнінде зияткерлер Көкшетау жерінің тумасы, Кеңес Одағының батыры, қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайға экскурсияға барып, ұлт ұлының ерліктері мен өмір өткелдері жайында тың деректер білді. Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатының көрмесі де мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырды. Олар мұрағаттың құжаттарымен, жұмысымен таныса алды. Мазмұнды күн «Ақмола облысы мұрағаттық […]


Туған елге тағзым: «Алтын Емел» шаңырағы экспедицияда

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласындағы NIS-тің «Алтын Емел» шаңырағы үздік атанып, дәстүрлі «Туған елге тағзым-2023» өлкетанулық-зерттеу экспедициясына жолдама алды. Шаңырақтың 7 мен 9-сынып оқушылары 5 күн бойы Ақмола облысының тарихы және мәдениетімен, кәсіпорындары және өндірісімен, көрікті жерлері мен мәдени ошақтарымен танысады. Экспедицияның алғашқы күнінде оқушылар команда құру тренингіне қатысып, Көкшетау қаласының ескерткіштерін зерттеуге […]


Көкшетаудағы NIS-те жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған «Каникулярлық мектеп» жобасы өтті

Аталған курс үміткерлерді Зияткерлік мектептерге түсу бойынша қолдау үшін құрылған. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының 5 және 6-сынып оқушыларын Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеулеріне дайындау. «Виртуалды мектеп» тапсырмаларының нәтижесі бойынша жалпы балдың 50 пайызын жинаған білім алушылар қысқа мерзімді оқудан өту үшін курсқа шақырылады. Осылайша, Көкшетау NIS ұстаздары «Каникулярлық мектеп» жобасы […]


Көкшетаудағы NIS: 60 түлек қанат қақты

Бүгін барлық «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» 2022-2023 оқу жылын аяқтаған түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті. Биыл Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-ті 60 зияткер сәтті тәмамдады. Мектеп бітіруші оқушылардың ішінен Асанали Ахтанов «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атанса, Камила Касенова, Дильназ Есламбекова, Диана Афанасьева, Нұрсұлтан Сағынтай Үздік атттестаттармен марапатталды. Барлық зияткерлер әлемнің үздік оқу орындарының гранттарына ие болып, […]


Дана Болаттың жетістігі

Көкшетау қаласындағы NIS-тің 4-сынып оқушысы Дана Болат «Бастау» республикалық олимпиадасында топ жарды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 2-4 сынып оқушыларының арасында өткен XVI республикалық «Бастау» желілік олимпиадасында Көкшетаудағы NIS-тің 4-сынып оқушысы Дана Болат математика пәні бойынша 1-орынға ие болды. Дарынды зияткер Алматыда еліміздің барлық мектептерінің оқушылары қатысатын ақтық кезеңде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» намысын қорғайды.


Дарынды домбырашылар «Dreamfest»-те топ жарды

Көкшетаудағы NIS оқушылары «Dreamfest» халықаралық инструменталды байқауында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Зияткерлік мектептің домбырашылары халықаралық байқауда 3 бірдей жүлде иеленді. Атап айтсақ, «Шаттық триосы» халық күйі «Тепең көкті» орындап, гран-приге ие болса, жеке орындауда Адия Жапарова «Жастар биі» күйімен, Эдгард Вицке «Кеңес» халық күйімен І дәрежелі дипломдарға ие болды. Жетекшісі – қосымша білім беру педагогы […]


Сәт сапар, Зияткер!

Бүгін Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырау соғылды. 60 Зияткер мектебімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты.  Салтанатты жиында әсем ән мен күмбірлеген күй орындалып, ізгі тілектер мен жылы лебіздер айтылды. Ұстаздар талапты шәкірттеріне, зияткерлер сүйікті мұғалімдеріне алғыс білдірді. Бастауыш сынып оқушылары негізгі буынға көшіп, түлектер алтын ұя мектептерімен қоштасты. Мектеп директоры Шырын […]


«Global Scholars» аясындағы кездесу

Global Scholars жобасы аясында 2023 жылдың 30 мамырында Тайваньдағы Taipei Municipal Experimental Junior High School оқушыларымен онлайн кездесу өткізілді. Іс-шараға Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында балалар екі елдің мәдениеті, салт-дәстүрі және ұлттық ерекшеліктерімен танысты. Аталған кездесу осы оқу жылында жалғасқан жобаның қорытынды кезеңі болды. Global Scholars жобасы 2008 […]


«NIS Challenge» оқушылар мен түлектерді біріктірді

Көкшетаудағы NIS-те «NIS Challenge» зияткерлік ойыны өтті. NIS Alumni түлектер қауымдастығының аталған жобасы Зияткерлік мектептерде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың шартына сәйкес оқушылар мен түлектер 10 командаға бөлінді. Ойын 5 кезеңнен құралды. Қатысушыларға ғылымның, өнердің түрлі салаларынан сұрақтар қойылды. Сондай-ақ көрермен қауымға да арнайы сауалдар тағайындалды. Жарыстың нәтижесі бойынша «Astude» командасы жеңіске жетіп, 100.000 […]


Ата-аналар университетінің қорытынды отырысы өтті

29 мамыр Көкшетаудағы NIS-те «Ата-аналар университеті» білім беру жобасы мүшелерінің 2022-2023 оқу жылындағы қорытынды жиыны өтті. Ата-аналар университетінің жетекшісі Назгүл Амерханова кіріспе сөзін айтып, қатысушыларды жұмыс барысымен таныстырды. Жиналыста жақсы ахуал қалыптастыру мақсатында мектеп психологы Айнагүл Назарова танымды әрі қызықты тренинг ұйымдастырды. Іс-шарада спикер ретінде «Сырдария» шаңырағынан Асел Шайрахметова «Баланың мамандық таңдаудағы ата-ананың қолдауы» тақырыбында […]