Гүлдана Құрманәлі – «Жыл ұстазы» төсбелгісінің иегері

Дубайда өткен халықаралық семинарда Көкшетаудағы NIS ұстазы Гүлдана Құрманәлі «Жыл ұстазы» төсбелгісінің иегері атанды.

Шілде айының 1-5 шілде аралығында БАӘ астанасы Дубай қаласындағы «Amity University»-де «Болашақ білім: инновациялық технологиялар және Smart оқыту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік, педагогикалық семинар өтті. Мақсаты – білім беру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Аталған семинарға Көкшетаудағы NIS-тің химия-биология пәнінің мұғалімі Гүлдана Құрманәлі қатысып, «Оқушылардың зерттеушілік дағдысын 5W сұрақтары арқылы дамыту» тақырыбын ағылшын тілінде қорғап, сарапшы мамандардың жоғары бағасын алды. Нәтижесінде «Жыл ұстазы» төсбелгісінің және І дәрежелі дипломның иегері атанды. 

– Университет сарапшылары тарапынан да сұрақтар қойылды. Барлығына жауап бердім. Өз зерттеуім болғандықтан, қиындық туғызбады. Іс-әрекетті зерттеудегі тәжірибеммен бөлісіп, семинарға Қазақстаннан барған мұғалімдер зерттеулері ішінен қазылардың шешімімен жоғары ұпайға ие болдым, – дейді Гүлдана Қуантқанқызы.

Айта кетейік, Гүлдана Құрманәлінің еңбегі бұған дейін де Стамбулда өткен ғылыми конференцияда жоғары бағаланды. Білікті ұстаздың оқушылары – республикалық, халықаралық жобалардың тұрақты жеңімпаздары. 

IMG_3674IMG_3675IMG_3676IMG_3677