«ТЕТ-2023»: Экспедиция мүшелері Қазақстан Республикасының чемпионатында

«Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясының кезекті күнінде зияткерлер теңге ілу мен жамбы атудан Қазақстан Республикасының чемпионатының үстінен түсті.

Жас зерттеушілер экспедицияның төртінші күнінде «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамына барып, күллі Қазақстанға белгілі «Turan» өнімдерінің қалай дайындалатынын өз көздерімен көрді. Сондай-ақ, «КАМАЗ-Инжиниринг» зауыты мен «Тыныс» акционерлік қоғамындағы экскурсия барысында озық технология үлгілерімен танысты.

Красный Яр ауылындағы Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне сапар – күннің айшықты оқиғасына айналды. Себебі аталған жерде оқушылар теңге ілу мен жамбы атудан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының куәгері атанып, жерлес спортшыларға жанкүйер болып қайтты.

Жергілікті Бұқпа тауында қызық пен жаңалықтарға, күтпеген оқиғаларға толы болған мазмұнды күннің көңілді нүктесі қойылды.

IMG_1212IMG_1057