«Креатив-тартыс» зияткерлік ойынының жеңімпаздары белгілі болды

Көкшетаудағы NIS-тің 8-сынып оқушылары «Креатив-тартыс» VIII желілік зияткерлік ойынына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Павлодар қаласындағы NIS ұйымдастырған сайыста Әбілмансұр Азатұлы, Аделя Рахатова, Ардақ Болат, Хақназар Ермұхан ІІ орынға ие болды. «Креатив-тартыс» – оқушылардың сыни ойлауын, функционалды сауаттылығын, шешендік қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған ақыл-ой сайысы.


Театр фестивалі өтті

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы «Идут века, но Пушкин остается» конкурс-фестивалімен қорытындыланды. Байқау Көкшетаудағы NIS-тің орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдерімен ұйымдастырылды. Шараға қаланың жалпы білім беретін №1, 10, 14, 15, 17, 19 мектептері мен Красный Яр селосының №1 мектебінің 5-6-сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен №19 мектеп оқушылары марапатталды. Олар […]


Көкшетаудағы NIS-те орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті

Көкшетаудағы NIS-те Александр Пушкиннің 225 жылдығына арналған орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Шараға оқушылар мен мектеп мұғалімдері белсенді қатысып, апталықтың көркін келтірді. – Меніңше, біз смартфондардан, бүгінгі өмірдің жылдамдығы мен ырғағынан шаршаған сияқтымыз. Сондықтан классикалық әдебиеттің ықпалы мектеп қауымдастығына ерекше әсер етті, – дейді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зарина Алишпаева. Апталық аясында […]


Алғыс айту күніне арналған таңғы жиын өтті

Елімізде 1-наурыз – Алғыс айту күні. Алғыс айту күні – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Осыған орай, бүгін Көкшетаудағы NIS-тің дәстүрлі таңғы жиыны алғыс айту күніне арналды. «Бурабай» шаңырағының оқушылары концерттік бағдарлама әзірлеп, әуелете ән шырқады.


«Speelling Bee» байқауы 22 мектептің басын қосты

Көкшетаудағы NIS-те 22 мектеп оқушыларының басын қосқан «Speelling Bee» байқауы өтті. Аталған іс-шара 5-6-сынып оқушыларына ағылшын тілі апталығының аясында ұйымдастырылды. Төменде жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз: 5-сынып: Бас жүлде – Зейне Саликова (№18 мектеп) 1-орын – Айбике Қуанышбек (№2 мектеп) 2-орын – Ерасыл Мырзағали (Красный Яр селосының №1 мектебі) 3-орын – Валерия Степаненко (№11 мектеп) […]


«In the World of Poetry» атты іс-шара өтті

Ағылшын тілі апталығы аясында Көкшетау қаласындағы НЗМ-де 8-сынып оқушылары арасында «In the World of Poetry» атты іс-шара өтті. Бұл байқаудың мақсаты – ағылшын тілі мемлекеттік тіл болып есептелетін елдердің мәдениетіне оқушылардың қызығушылығын арттыру. Қатысушылар тамаша өнер көрсетті: әртүрлі реквизиттермен музыканы қолданып, сан-түрлі мемлекеттердің ұлттық киімдерін көрсетіп, тіпті актерлік шеберліктерімен қазылар алқасын тәнті етті. Жарыс эмоционалды, […]


Волейболдан әуесқойлар лигасы бастау алды

Бүгін Көкшетаудағы NIS-те қаланың педагогикалық ұжымдары арасында волейболдан әуесқойлар лигасы бастау алды. Бұндай спорттық шара Көкшетау қаласында алғаш рет қолға алынып отыр. Қаланың жалпы білім беретін 8 білім беру ошақтарының мұғалімдері үздіктерді анықтау үшін жиналды. Шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Шырын Жұмабекова спорттың маңызын атап өтіп, бұндай бастамалардың алдағы уақытта да қолдау табатынына сенім білдірді. […]


Зияткерлердің жетістігі

7-сынып оқушылары орыс ақыны Александр Пушкиннің 225 жылдық мерейтойына арналған онлайн-фестивальдің жеңімпазы атанды. Атап өтсек, Айя Азаматқызы, Мадина Бектұрған, Нұрайым Тілеухор, Чинара Бисенова, Марғұлан Нұрлан мен Никита Фланчев жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ 9-сынып оқушысы Самира Турарова «Пера чудесные творенья» халықаралық әдеби байқауында «Проза» аталымы бойынша 1-орынға ие болды. Дәл осы байқауда 9-сынып оқушылары Никита […]


NIS оқушылары «Қазақ есебі» челленджіне қатысты

Мектеп оқушылары ғалым-математик Асқар Жұмаділдаевтың авторлық есептерін шешіп, «Қазақ есебі» челленджіне қатысты. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді. ҚР ҰҒА академигі есептерін Республика мектептерінің оқушылары бір мезетте орындады. Көкшетаудағы NIS оқушылары берілген тапсырмаларды сәтті орындап шықты,


«Берік отбасы» бағдарламасы аясында кездесулер жалғасып жатыр

Көкшетаудағы NIS-те «Берік отбасы» бағдарламасы аясында бірқатар кездесулер өтті. 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында берік қарым-қатынас орнатып, мектеппен байланысын нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сабақтардың нәтижесінде ата-аналар балаларының жағдайы мен олардың психологиялық күйін тиімді талдауды, оларды керек кезде қолдауды үйренді. Отбасы мүшелері бірін-бірі тыңдауды, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынас жасауға дағдыланды. «Берік отбасы» бағдарламасын балалар […]