«In the World of Poetry» атты іс-шара өтті

Ағылшын тілі апталығы аясында Көкшетау қаласындағы НЗМ-де 8-сынып оқушылары арасында «In the World of Poetry» атты іс-шара өтті. Бұл байқаудың мақсаты – ағылшын тілі мемлекеттік тіл болып есептелетін елдердің мәдениетіне оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар тамаша өнер көрсетті: әртүрлі реквизиттермен музыканы қолданып, сан-түрлі мемлекеттердің ұлттық киімдерін көрсетіп, тіпті актерлік шеберліктерімен қазылар алқасын тәнті етті.

Жарыс эмоционалды, жарқын және бейресми формада өтті. Шекспир заманындағы ағылшын тілін меңгеруі сонымен қатар жас орындаушылардың ынта-жігері сол кездегі Англияның атмосферасын қалыптастырды. Қазылар алқасының мүшелері оқырмандардың таланттарына шын жүректен риза болып, ағылшын тілін үйренуде одан әрі табыс тіледі.

IMG_6967IMG_6966IMG_6965IMG_6964