Волейболдан әуесқойлар лигасы бастау алды

Бүгін Көкшетаудағы NIS-те қаланың педагогикалық ұжымдары арасында волейболдан әуесқойлар лигасы бастау алды. Бұндай спорттық шара Көкшетау қаласында алғаш рет қолға алынып отыр. Қаланың жалпы білім беретін 8 білім беру ошақтарының мұғалімдері үздіктерді анықтау үшін жиналды.

Шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Шырын Жұмабекова спорттың маңызын атап өтіп, бұндай бастамалардың алдағы уақытта да қолдау табатынына сенім білдірді. Ал мектептің мың бұралған бишілері мен күміс көмей әншілері қонақтарға өнерлерін паш етіп, жарыс алдында көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Лиганың бас төрешісі, Көкшетаудағы NIS-тің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еркін Боранбаев ойынның ережелерін қайталап өтіп, қатысушыларға алғашқы кезеңде сәттілік тіледі. №12, 19, 9, 11, 18 мектептер мен «Болашақ сарайы», Көкшетаудағы NIS мұғалімдері жалпы саны 5 кезеңде бақ сынайды.

Барлық қатысушыға сәттілік тілейміз! 

IMG_6913IMG_6912IMG_6911IMG_6909IMG_6908IMG_6907IMG_6906IMG_6905IMG_6914