NIS оқушылары «Қазақ есебі» челленджіне қатысты

Мектеп оқушылары ғалым-математик Асқар Жұмаділдаевтың авторлық есептерін шешіп, «Қазақ есебі» челленджіне қатысты. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді. ҚР ҰҒА академигі есептерін Республика мектептерінің оқушылары бір мезетте орындады. Көкшетаудағы NIS оқушылары берілген тапсырмаларды сәтті орындап шықты,


«Берік отбасы» бағдарламасы аясында кездесулер жалғасып жатыр

Көкшетаудағы NIS-те «Берік отбасы» бағдарламасы аясында бірқатар кездесулер өтті. 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында берік қарым-қатынас орнатып, мектеппен байланысын нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сабақтардың нәтижесінде ата-аналар балаларының жағдайы мен олардың психологиялық күйін тиімді талдауды, оларды керек кезде қолдауды үйренді. Отбасы мүшелері бірін-бірі тыңдауды, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынас жасауға дағдыланды. «Берік отбасы» бағдарламасын балалар […]


Қазақ тілі апталығы: «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді сахналанды

Заманауи орындаушылардың әндері шырқалды Көкшетаудағы NIS-те қазақ тілі апталығының аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді сахналанды. 11-сынып оқушыларын қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Қайрат Закерияа, Ардақ Нурушева және қосымша білім беру педагогі Асылбек Ташимов дайындады. Әр оқушы өз рөлін шеберлікпен сомдап, көрермен көзайымына айналды. Зияткерлердің сахналық ойыны оқушыларды да, ұстаздар қауымын да тәнті етті. Сондай-ақ […]


Аружан Жәнібек – Халықаралық конференцияның алтын жүлдегері

Көкшетаудағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Аружан Жәнібек Кореяда өткен ICPC шығармашылық жұмыстардың 6-Халықаралық конференциясы мен   Олимпиада ойындарының алтын жүлде иегері атанды. Ол «Жерұйық» атты топырақ құрамын талдауға мүмкіндік беретін кешенін таныстырды. Бұл құрылғының көмегімен топырақтың құнарлы бөлігінің қажет қоректі заттармен қамтамасыз етілуін тексереді. Айта кетейік, Аружан бұған дейін Қытайда өткен мұғалімдер мен оқушыларға арналған «7th Belt […]


Математика апталығы басталды

Көкшетаудағы NIS-те 2024 жылдың алғашқы пән апталығы басталды. Бүгін дәстүрлі таңғы жиында «Математика» апталығының ашылуы өтті. Әдістемелік бірлестік мүшелері оқушылармен бірлесіп апталықтың жоспарын таңғы жаңалықтар формасы негізінде таныстырды. Апталық барысында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, қаңтардың 17-сі «Кім жылдам» викторинасы мен математикалық ойжұмбақ, 18-і «Танграмм» ойыны мен қала мектептері мұғалімдерінің қатысуымен […]


Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер! 2024-жылдың 8-қаңтарынан 10-ақпанына дейін Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Өркен» білім беру грантына конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-сыныпқа құжат қабылдау жүргізіледі. Осы мерзім аралығында төменде көрсетілген мекен-жайға келіп, құжаттарыңызды тапсыра аласыздар: Көкшетау қаласы, Ж.Тілеулин көшесі, 59. Байланыс телефоны: +7 (716)2 25-31-40.


Көкшетаудағы NIS-те жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған «Каникулярлық мектеп» жобасы өтті

Аталған курс үміткерлерді Зияткерлік мектептерге түсу бойынша қолдау үшін құрылған. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушыларын Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеулеріне дайындау. «Виртуалды мектеп» тапсырмаларының нәтижесі бойынша жалпы балдың 50 пайызын жинаған білім алушылар қысқа мерзімді оқудан өту үшін курсқа шақырылады. Осылайша, Көкшетаудағы NIS ұстаздары «Каникулярлық мектеп» жобасы аясында оқушыларға […]


Кейс-менеджмент

Бүгін Көкшетаудағы NIS ұжымы кейс-менеджмент бойынша кездесу өткізді. Мектептегі кейс-менеджмент – мектеп құзыреті аясында оқу орнынан шығу қаупі төнген оқушының мәселесін шешуде оған толық қолдау көрсету. Семинар барысында мұғалімдерге оқушылармен байланысты түрлі кейстер ұсынылды. Өз кезегінде ұстаздар қауымы түрлі жағдаяттарды шешіп, балаға көмек беру жолдарын қарастырды.


Қош келдің, Жаңа жыл!

Көкшетаудағы NIS-те мектеп қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шара өтті. Бүлдіршіндер би билеп, ән айтып, ойындарға қатысып, Аяз атаның сыйлықтарына ие болды. Мектепте дәстүрге айналған шара мектеп қызметкерлері мен балалардың көңілінен шықты.


6-сынып оқушыларының назарына!

Көкшетаудағы NIS-те қаңтар айының 3-і мен 5-і аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Каникулярлық мектеп» жұмысын жүргізеді. Аталған курс үміткерлерді Зияткерлік мектептерге түсу бойынша қолдау үшін құрылған. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушыларын Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеулеріне дайындау. «Виртуалды мектеп» тапсырмаларының нәтижесі бойынша жалпы балдың 50 пайызын жинаған […]