«Берік отбасы» бағдарламасы аясында кездесулер жалғасып жатыр

Көкшетаудағы NIS-те «Берік отбасы» бағдарламасы аясында бірқатар кездесулер өтті. 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында берік қарым-қатынас орнатып, мектеппен байланысын нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Сабақтардың нәтижесінде ата-аналар балаларының жағдайы мен олардың психологиялық күйін тиімді талдауды, оларды керек кезде қолдауды үйренді. Отбасы мүшелері бірін-бірі тыңдауды, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынас жасауға дағдыланды.

«Берік отбасы» бағдарламасын балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналардың позитивті дағдыларын қалыптастыру және балалардың әл-ауқатына кері әсер ететін факторларды азайту мақсатында Ұлыбританиядағы Оксфорд Брукс университетінің «Денсаулық және әлеуметтік әл-ауқат» мектебі құрған.

Мектебімізде бағдарламаның жұмысын психолог мамандар Айнагүл Назарова, Ольга Алеева және педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Жанарай Тиржанова, Айжан Жолдасбаева жүргізеді. Фасилитатор қызметін Мадина Нугманова, Сәуле Абатова мен Алия Жумангалиева атқарады.

Айта кетейік, биыл аталған жемісті бағдарламаға 5 жыл толып отыр. Ол Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2018 жылдан бастап БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) қолдауымен енгізілді.

7654321098