“Ақ Орда” Шаңырағы

“Ақ Орда” Шаңырағы 9«А» және 7 «С» сыныптардан тұрады. Ақ Орда шаңырағында 44 оқушы бар. Ұранымыз «Күш- бірлікте». Біз үнемі бір-бірімізге қолдау білдіреміз. Біздің Шаңырақ 2019-2020 оқу жылы құрылды. Біз әртүрлі сайыстарға қатысып, белсенділік танытып жүреміз. Осы күнге дейін біз көптеген сайыстарға қатысып жүлделі орындар алдық. Біздің шаңырақтың мүшелері өнер,ғылым,шығармашылық және т.б. бағыттарда өте белсенді. […]


“Оқжетпес” Шаңырағы

«Оқжетпес» Шаңырағы 2018-2019 оқу жылында құрылған. Қазіргі таңда, Шаңырақ құрамына 7 «F» және 11 «А» сыныптары кіреді. Жалпы Шаңырақта 44 оқушы бар. Оқушылардың барлығы өздерінің ойларын ашық жеткізіп, жобаларды жүзеге асыруға бағытталған түрлі ойларын ортаға сала алады. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына үлгі боларлықтай әрекет етеді. Барлық оқушылар байқау, олимпиада, үйірмелер және тағы да басқа […]


Шанырак “Шарын”

 «Шарын» шаңырағы – 7 «Е» және 11 «В» сынып оқушыларынан тұратын берік бір отбасы. Шаңырақтың атауы әйгілі шатқалға сәйкестендіріп алынған. Біздің оқушылардың жетістіктері де сол шатқал сияқты ауқымды. Біз мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласамыз: айтарлықтай жас ерекшеліктеріне қарамастан, кураторымыздың арқасында бір-бірімізбен оңай тіл табысамыз және барлық жұмыста оң нәтиже көрсетуге тырысамыз. Біз өзімізді жан-жақты әрі дарындымыз деп […]


Шаңырақ «Тұран»

Шаңырақ «Тұран»      «Тұран» Шаңырағы  2018-2019 оқу жылында құрылған. Шаңырақ құрамына 7«В» және 9«Е» оқушылары кіреді. Шаңырақтағы тәрбие жұмысының мақсаты - өзін-өзі тануға, дамытуға бейім, физикалық және рухани тұрғыдан мықты, білімді тұлғаны тәрбиелеу. Ең басты міндетердің бірі - әр баланың дамуын қамтамасыз ететін, тәрбиелейтін орта ретіндегі балалар ұжымын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмыстары таңғы жиындар, [...]

«Сырымбет» Шаңырағы

Қоғамға қызмет ету аясында «Сырымбет» Шаңырағының Балалар үйіне сапары       Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары, ата-аналары және ұстаздар қауымы Жаңа жыл қарсаңында Щучье қаласындағы Балалар үйіне көмек көрсетуді әдетке айналдырған.       Биылғы жылы да «Сырымбет» Шаңырағының ұйымдастыруымен қамқорынсыз қалған бүлдіршіндерге барынша сыйлыққа киім-кешек, ойыншықтар алынып, 27 желтоқсан күні 7С және  10А сынып [...]

«Жетісу» Шаңырағы

       «Жетісу» Шаңырағы  құрамына 7А мен 10Д сынып кіреді. Осы оқу жылында екі жаңа сынып Шаңырақ құрады.  7А сынып оқушылары үшін Шаңырақ жұмысы өте қызықты, өйткені олар осы жылы ғана қатарымызға қосылып отыр. Шаңырақ оқушыларының өзара қарым-қатынастары жақсы.  Олардың әрқайсысы табысқа жетуге тырысады, өнердің қандай да бір түрін ұстанады. Ән айтады, домбыра тартып [...]
      "ТҰРАН" және "КӨКШЕТАУ" Шаңырақ оқушыларынан құралған "Аялы алақан" атты әлеуметтік жобасының еріктілер тобы демалыс күндерін үнемі пайдалы өткізеді. Айтылған жоба Көкшетау қаласында орналасқан "Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы" тәрбиенушілерінің бос уақытын ұйымдастыру мәселесіне арналған болатын. Оқушылар күнделікті тығыз сабақ кестесіне қарамастан достарымен кездесіп тұруларына әрдайым уақыт бөледі.        Кездесу барысында [...]

«Тенгри» Шаңырағы

Тенгри – ұлылардың ұлысы, Тенгри – ортақ шыңдар атасы Тенгри – бәрімізге бір ортақ, Тенгри – біздің Шаңырақ.       Біздің шаңырағымыз 8«F» және 10«C» сыныптарынан құралған. «Тенгри» Шаңырағында үлкенге  құрмет, кішіге ізет көрсетіледі. Яғни, 10«С» сынып оқушылары 8«F»  сынып оқушыларына  әрдайым қол ұшын созуға дайын. Ал 8-сынып олардан үлгі алып, алдарына мақсат қояды, Шаңырақ оқушылары […]


«Бектау-Ата» Шаңырағы

«Бектау-Ата» Шаңырағы Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде өмірдегі ұмытылмас сәттерді сыныптастарымызбен ғана емес Шаңырақ оқушыларымен бірге үлкен отбасы ретінде өткіземіз. Біздің «Бектау-Ата» Шаңырағы үлкенге құрмет көрсететін 8 «Д» және кішіге ізет танытып, әрдайым көмек қолын созуға дайын 11 «С» сынып оқушыларынан құралған. Екі сыныптың өзара тіл табысып, бір топ ретінде жұмыла жұмыс [...]

«Ұлытау» Шаңырағы

«Ұлытау» Шаңырағы «Ұлытау» шаңырағының құрамына 10 «А» және 7 «А» сынып оқушылары кіреді. Оқушылар саны 41. Шаңырақ 2020-2021 оқу жылында құрылған. Карантиндік жағдайлар мен онлайн оқытуға қарамастан, біз бір-бірімізбен тез тіл табысып, өте тату шаңырақ бола алдық. Шаңырақтың барлық оқушылары белсенді және әрбір жаңа іс-шараға қуана қатысады, әсіресе 7 «А» сынып оқушылары шаңырақтың алуан-түрлі бағыттарда [...]