«Тенгри» Шаңырағы

Тенгри

Тенгри – ұлылардың ұлысы,

Тенгри – ортақ шыңдар атасы

Тенгри – бәрімізге бір ортақ,

Тенгри – біздің Шаңырақ.

      Біздің шаңырағымыз 8«F» және 10«C» сыныптарынан құралған. «Тенгри» Шаңырағында үлкенге  құрмет, кішіге ізет көрсетіледі. Яғни, 10«С» сынып оқушылары 8«F»  сынып оқушыларына  әрдайым қол ұшын созуға дайын. Ал 8-сынып олардан үлгі алып, алдарына мақсат қояды, Шаңырақ оқушылары әр мәселені бірге шешіп, өз ойларын ортаға салады.

    «Тенгри» Шаңырағы өз белсенділігімен ерекшеленеді.  10«С» сынып оқушылары спортқа жақын болса, 8«F» сыныбы өнерге жақын. Сонымен қоса, біз өз уақытымызды тиімді, әрі қызықты өткізуге тырысамыз. Сабақтан тыс уақытта бәріміз жиналып, үстел теннисін ойнағанды жақсы көреміз, бірге өткізген уақыттарымыздың арқасында бір-бірімізді жақын танып, түсінісуімізге көмектеседі.  Көшбасшымыз Жанайдар Айым  Шанырақ оқушыларын жұмысты әрдайым сапалы орындауға бағыттап, алдыңғы қатарда жүруге өз септігін тигізеді. Соның айқын дәлелі «Тенгри» Шаңырағы спорттық жетістіктер бойынша он үш Шаңырақ арасында жүлделі екінші орынға ие болуы. Сонымен қатар, біз басқа да мектептік іс-шараларға белсене қатысып жүрміз. Біз «Тенгри» Шаңырағымыздың ұйымшыл, белсенді, әрі тату екендігімен мақтанамыз.

8 «F» сынып оқушылары

Өмірбекқызы Мөлдір, Муханова Мадина, Буленбай Нұрсауле.