“Оқжетпес” Шаңырағы

«Оқжетпес» Шаңырағы 2018-2019 оқу жылында құрылған. Қазіргі таңда, Шаңырақ құрамына 7 «F» және 11 «А» сыныптары кіреді. Жалпы Шаңырақта 44 оқушы бар. Оқушылардың барлығы өздерінің ойларын ашық жеткізіп, жобаларды жүзеге асыруға бағытталған түрлі ойларын ортаға сала алады. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына үлгі боларлықтай әрекет етеді. Барлық оқушылар байқау, олимпиада, үйірмелер және тағы да басқа іс-шараларға белсенді қатысады. Оқудың қашықтықтан жүріп жатқанына қарамастан, Шаңырағымыздың атына сай біз қашан да алға және биікке ұмтыламыз. Оған біздің көптеген марапаттарымыз бен дипломдарымыз, сондай-ақ, басқа НЗМ оқушыларымен бірге киберспорттық шараларға қатысқанымыз туралы сертификаттар дәлел. 

Әрине, біздің ешқашан бұзбайтын және құрметтейтін дәстүрлеріміз бар. Біз кураторымызбен және барлық оқушылармен жиналып, уақытты бірге әрі көңілді өткізуді дәстүрге айналдырғанбыз. Куратор сағатының мақсаты: жақсы қарым-қатынасты сақтау, түрлі мәселелерді шешу және оқу бойынша түрлі кеңестер беру. Әрқайсымыз өз отбасымызды қалай жақсы көрсек, Шаңырақ мүшелерін де солай жақсы көреміз. Біз өте татумыз әрі қашан да бір-бірімізге қолдау білдіреміз.