«Сырымбет» Шаңырағы

Қоғамға қызмет ету аясында «Сырымбет» Шаңырағының

Балалар үйіне сапары

      Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары, ата-аналары және ұстаздар қауымы Жаңа жыл қарсаңында Щучье қаласындағы Балалар үйіне көмек көрсетуді әдетке айналдырған.

      Биылғы жылы да «Сырымбет» Шаңырағының ұйымдастыруымен қамқорынсыз қалған бүлдіршіндерге барынша сыйлыққа киім-кешек, ойыншықтар алынып, 27 желтоқсан күні 7С және  10А сынып оқушылары мен бірге пән мұғалімдері, ата -аналар кішкентайларды құттықтап қайтты.

      Жоғары сынып оқушылары бұл жобаға бірнеше жылдан бері атсалысып жүргендіктен Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер оладың бауырлары сияқты болып кеткені байқалса, жаңа келген жетінші сыныптар үшін Балалар үйіндегі бүлдіршіндерге деген аяныш, оларды неге тастап кетті?, олардың өмірлері қалай болады? деген сұрақтар ойларында туындады, сонымен қоса өз ата-аналарының қадір-қасиетін түсінгедей болды.

Педагог-ұйымдастырушы-куратор

Сагиндыкова К.Н.