«Бектау-Ата» Шаңырағы

«Бектау-Ата» Шаңырағы

Бектау Ата

Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде өмірдегі ұмытылмас сәттерді сыныптастарымызбен ғана емес Шаңырақ оқушыларымен бірге үлкен отбасы ретінде өткіземіз. Біздің «Бектау-Ата» Шаңырағы үлкенге құрмет көрсететін 8 «Д» және кішіге ізет танытып, әрдайым көмек қолын созуға дайын 11 «С» сынып оқушыларынан құралған. Екі сыныптың өзара тіл табысып, бір топ ретінде жұмыла жұмыс жасауы Шаңырағымыздың биік шыңдардан көрініп, көптеген жетістіктерге жетуіне алып келді. Біз әрдайым мектеп өміріне белсене қатысып, саналуан іс-шараларды ұйымдастыра отырып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырамыз. Спорт саласында волейбол, футбол, үстел теннисі сынды ойындардан жүлделі орындарға ие болып, өнер саласында флешмобтарға, әртүрлі шығармашылық байқауларға қатысамыз. Сонымен қатар Шаңырағымыздың бір бөлігі мектебіміздегі ұйымдардың, спорттық секциялардың белді мүшелері. Енді бір бөлігі облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конференцияларға қатысады. Әрі мектептен тыс жерлерде де белсенділік танытамыз. Бұған кейбір оқушылардың ерікті болуы айқын дәлел бола алады.

 Оқушылармен қатар ата-аналардың қатысуымен де түрлі шаралар, танымал тұлғалармен кездесу, лирикалық әндерді орындау, ұлттық, халықаралық мерекелерді тойлау өтеді. Ал демалыс күндері уақытымызды көңілді өткізуді де ұмытпаймыз. Жас айырмашылығына қарамастан ұйымшыл болуды мақсат етеміз. Осылайша бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара әрекет ету арқылы біз мектептегі отбасымыздың, яғни Шаңырағымыздың арқасында тұлға ретінде дамып, көкжиектерімізді кеңейтудеміз. Біздің «Бектау-Ата» Шаңырағының қазіргі жетістіктерінен бөлек әліде алар асулары мен бағындырар белестері алда екеніне сенімдіміз.

111

Мектеп дегеніміз – қуаныш, эмоция және сезімге толы бір әлем. Ол адамдарды  жаңа нәрсе үйренуге деген құштарлық, ынтасымен біріктіреді.  «Бектау-Ата» Шаңырағы да бұдан алшақ емес. Шаңырақ құрамына 11D және 8 B оқушылары кіреді, бұл қарапайым адамдар тобы емес, күшті және біріккен команда. Біз әрқашан мектеп өміріне қатысып, қоғамның дамуына үлес қосуға, әр түрлі мектеп іс-шараларын ұйымдастыруға, түрлі жарыстар мен флешмобтарға қатысуға, әр түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Біздің Шаңырақ оқушылары әр түрлі қызмет салаларына қатысып, бойларында ашылмаған жаңа қасиеттерді ашып, өздерінің ішкі әлемін байытып, көркемөнер көрмелерінне, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конференциялаға қатысу арқылы өздерінің көкжиектерін кеңейтеді. Оның үстіне, біздің Шаңырақ өз дәстүрлерін де сақтайды, бұны оның барлық істерінен байқауға болады. Ата-аналардың қатысуымен өткізілетін түрлі шаралар, танымал тұлғалармен кездесу, лирикалық әндерді орындау,  ұлттық, халықаралық мерекелерді мерекелеу. Сонымен қатар, демалыс күндері оқушылар демалып, көңіл көтеруді, табиғатта демалуды, сүйікті іс-әрекеттерін жасауды ұнатады.  Сол себепті мүмкіндік туып жатса, қала сыртына шығып демалғанды ұнатамыз. Мұндай өзара түсіністік пен бірлікке жету үшін оқушылар біріз жұмыс жасады.

Қорытындылай келе, біздің Шаңырақта командалық рухты, еңбекке деген ұмтылысты және бұрын-соңды болмаған биіктерге жетуді қалайды деп айтқым келеді.

эмблема

11 D сынып оқушысы Серкина Карина.


Қыс қызықтары

1

 

Аязды күні достарыңмен табиғат аясында уақыт өткізген қандай ғажап! Тоқсан басталысымен біздің Бектау-Ата Шаңырағы Бұқпа тауының баурайына демалуға бардық. Үшінші тоқсан басталып, бір – бірімізді көптен көрмей, сағынып қауыштық. Біздің осы қуанышқа толы көңілімізге қысқы күн де ерекше шуағын мерейлене төкті. Қала сыртында бұғып жатқан тау да бізді құшақ жая қарсы алды. Таза ауаға шыққан достар бірде күміс қарға аунаса, бірде таудан төмен қарай сырғанап, ойынның рахатына батты. Сол сәтте күннің сәулесі де бізбен ойнап, бізбен бірге шаттанғандай әсер қалдырды.

Күнделікті асығыс өмірде мән бере бермейтін, аяғымыздың астында жататын қардың да біз біле бермейтін сыйқыры мен сыры бар секілді көрінді. Жүгірген балалардың шуымен қосылып суылдап, қыздардың күлкісімен бірге сыңғырлап жатты. Міне, осындай әсем табиғат аясында ойынымыз қанғанша жүгіріп, көкірегіміз тойғанша таза ауамен демал2дық. Осылайша мәре-сәре болып жүргенде, күн ұясына батқанын аңғармай да қалдық.

Қыс қызығымен қимай қоштасып, достарымыздың ұсынысы бойынша жақын арадағы дәмханаға жүрек жалғауға кірдік. Таза ауадан кейінгі тамақтың дәмі де ерекше болады екен. Осы серуеннен жақсы демалып, бір марқайып қайттық.

 

 

8 «В» сынып оқушысы Аленова Ботагоз.