«Жетісу» Шаңырағы

zhetisu

       «Жетісу» Шаңырағы  құрамына 7А мен 10Д сынып кіреді. Осы оқу жылында екі жаңа сынып Шаңырақ құрады.  7А сынып оқушылары үшін Шаңырақ жұмысы өте қызықты, өйткені олар осы жылы ғана қатарымызға қосылып отыр. Шаңырақ оқушыларының өзара қарым-қатынастары жақсы.  Олардың әрқайсысы табысқа жетуге тырысады, өнердің қандай да бір түрін ұстанады. Ән айтады, домбыра тартып би билейді.

      Мектепішілік үйірмелер мен клубтарға қызығушылық танытып, қатысады. Осы аз уақыт ішінде біздің бір -бірімізге деген достық, мейірімділік, кішіпейілдік сезімі қалыптасып, ұлғая түсті. Достығымыз жарасып, бір бірлеріне әрдайым жанашарлықпен қарайды. Кез келген жұмыс берілсе,  әрдайым барлығымыз бірге орындауға тырысамыз. Ең бастысы кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеміз, қандай жағдай болса да, әрқашанда қол ұшын созуға дайынбыз. Шаңырақ лидері Жүсіп Улана  оқушыларды бағыттап, жақсы нәтиже көрсету үшін барша ат салысады.