«Ұлытау» Шаңырағы

«Ұлытау» Шаңырағы

Улытау

«Ұлытау» шаңырағының құрамына 10 «А» және 7 «А» сынып оқушылары кіреді. Оқушылар саны 41. Шаңырақ 2020-2021 оқу жылында құрылған. Карантиндік жағдайлар мен онлайн оқытуға қарамастан, біз бір-бірімізбен тез тіл табысып, өте тату шаңырақ бола алдық. Шаңырақтың барлық оқушылары белсенді және әрбір жаңа іс-шараға қуана қатысады, әсіресе 7 «А» сынып оқушылары шаңырақтың алуан-түрлі бағыттарда жүлделі орындарға ие болуына көмектесіп, бар күш-жігерлерін салуға тырысады. Олар мектептің қоғамдық өміріне белсенді аралсумен қатар, жан-жақты тұлғалар болып табылады және спорт секцияларынан бастап дебаттар мен шахматтарға дейінгі әртүрлі үйірмелерге қатысады. Қысқа мерзім ішінде біздің шаңырақ біртұтас бола алды. Кішкентайлар үлкендерге құрмет көрсетсе, үлкендер кішілердің бар бастамаларына қолдау білдіреді. Шаңырақ көшбасшысы Камила Касенова шәкірттерді біріктіріп, барлығын ортақ мақсаттарға жетуге шабыттандыруға тырысады.