Шаңырақ «Тұран»

Шаңырақ «Тұран» 

    «Тұран» Шаңырағы  2018-2019 оқу жылында құрылған. Шаңырақ құрамына 7«В» және 9«Е» оқушылары кіреді. Шаңырақтағы тәрбие жұмысының мақсаты – өзін-өзі тануға, дамытуға бейім, физикалық және рухани тұрғыдан мықты, білімді тұлғаны тәрбиелеу. Ең басты міндетердің бірі – әр баланың дамуын қамтамасыз ететін, тәрбиелейтін орта ретіндегі балалар ұжымын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмыстары таңғы жиындар, тренингтер және Шаңырақ сағаттары арқылы жүзеге асады. Бірінші күннен бастап жоғары сынып оқушылары төменгі сыныптағы оқушыларға қамқорлық танытуды қолға алған. Барлық оқушылар шағын жұмыс топтарына бөлінген. Шаңырақ көшбасшысы А.Томиристің жетекшілік етуміен актив белсенді жұмыс жасауда. Томиристің дұрыс жолға қойылған жұмысының арқасында балалар бір-бірімен тез тіл табысып, жаңа жағдайларға үйреніп кетті. 

Оқушылардың ата-аналары мектеп пен сыныпта өткізілетін түрлі іс-шараларда белсенділік танытады. Оқушылармен де, ата-аналармен де тығыз байланыста болып, кез келген іс-шараларға ат салысып тұру алдағы оқу жылындағы да басты мақсаттарымыздың бірі болмақ. 

    

turan

Алғыс айту күні

        «Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да сұлу болу керек» -әлем жазушыларының бірі деп танылған Антон Чеховтың осы сөзіне адамның өмір сүріп жатқан ортасы да, айналасы да сұлу болу керек дегенді қосуға болады.

       «Тұрып жатқан үйміздің ауласы таза, жазда жайқалған гүл өсіп тұрса –бұл коммуналды қызметте жұмыс жасайтын адамдардың еңбегі. Анам екеуміз ақылдасып «Алғыс айту» күні осы апайымыздың еңбегіне рахмет айтуды жөн көрдік» – дейді «ТҰРАН» шаңырағының оқушысы Ернұр Құралбай. 

      Шаңырағымыздың  тағы бір оқушысы Рымжан Нұрәлихан еліміздің Жезқазған қаласында акциямызға қосылып мөлтекауданда орналасқан халыққа қызмет көрсететін дәріхана жұмысшыларына алғысын білдірді.

       Қарапайым жұмысшы немесе биік лауазымдағы қызметкер болсын өз жұмысын адал, үлкен жауапкершілікпен атқарса, халықтың құрметіне бөленетіні сөзсіз.

туран

Желілік жобалар іске асыру күнделігінен.

Жетім көрсең, жебей жүр!

       «Тұран» шаңырағының оқушылары өткен жылы «Жүрек жаулаған кітап» атты желілік жобасының кезекті қойылымын көрсетті. Бұл жоба оқушылардың  оқу мәдениетін қалыптастыруын көздейді. Көрермендерге Мұхтар Әуезовтің «Жетім» шығармасы негізінде жасалған әдеби-музыкалық композицияны тарту етілді. 

    Қасым деген баланың қысқа, бірақ соншалықты ащы және қайғылы өмірі туралы әңгіме ешкімді бей-жай қалдырмады. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаты – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу.

     Жазушының әңгімесінде қозғаған әлеуметтік тақырып – қазіргі әлемде де өзекті. Қойылымға дайындық барысында оқушылар  балалар үйлері туралы ақпарат жинап, әлеуметтік жетімдік жайлы  статистикалық мәліметті зерттеп, оқушыларды еріктілер қатарына қосылуға шақырды.  Сонымен қатар Шанырак оқушылары «Қоғамға қызмет ету» атты әлеуметтік жобасындағы тәжірибесімен де бөлісті.

Педагог-ұйымдастырушы -куратор: Дарига Байгулина

жобааа