Зияткерлердің жетістігі

7-сынып оқушылары орыс ақыны Александр Пушкиннің 225 жылдық мерейтойына арналған онлайн-фестивальдің жеңімпазы атанды. Атап өтсек, Айя Азаматқызы, Мадина Бектұрған, Нұрайым Тілеухор, Чинара Бисенова, Марғұлан Нұрлан мен Никита Фланчев жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ 9-сынып оқушысы Самира Турарова «Пера чудесные творенья» халықаралық әдеби байқауында «Проза» аталымы бойынша 1-орынға ие болды. Дәл осы байқауда 9-сынып оқушылары Никита […]


Аружан Жәнібек – Халықаралық конференцияның алтын жүлдегері

Көкшетаудағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Аружан Жәнібек Кореяда өткен ICPC шығармашылық жұмыстардың 6-Халықаралық конференциясы мен   Олимпиада ойындарының алтын жүлде иегері атанды. Ол «Жерұйық» атты топырақ құрамын талдауға мүмкіндік беретін кешенін таныстырды. Бұл құрылғының көмегімен топырақтың құнарлы бөлігінің қажет қоректі заттармен қамтамасыз етілуін тексереді. Айта кетейік, Аружан бұған дейін Қытайда өткен мұғалімдер мен оқушыларға арналған «7th Belt […]


Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер! 2024-жылдың 8-қаңтарынан 10-ақпанына дейін Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Өркен» білім беру грантына конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-сыныпқа құжат қабылдау жүргізіледі. Осы мерзім аралығында төменде көрсетілген мекен-жайға келіп, құжаттарыңызды тапсыра аласыздар: Көкшетау қаласы, Ж.Тілеулин көшесі, 59. Байланыс телефоны: +7 (716)2 25-31-40.


Кейс-менеджмент

Бүгін Көкшетаудағы NIS ұжымы кейс-менеджмент бойынша кездесу өткізді. Мектептегі кейс-менеджмент – мектеп құзыреті аясында оқу орнынан шығу қаупі төнген оқушының мәселесін шешуде оған толық қолдау көрсету. Семинар барысында мұғалімдерге оқушылармен байланысты түрлі кейстер ұсынылды. Өз кезегінде ұстаздар қауымы түрлі жағдаяттарды шешіп, балаға көмек беру жолдарын қарастырды.


«Тарих және география» апталығы мәресіне жетті

Қараша айының 4-і мен 11-і аралығында Көкшетаудағы NIS-те «Тарих және география» апталығы өтті. Апталық «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» атты саптүзеуден басталды. Оқушылардың бойында ұлттық патриотизмді тәрбиелеу, Тәуелсіздікті ұлықтау және құрметтеу мақсатында Абылай хан, Ақтамберді жырау, Әлихан Бөкейханов пен Жұбан Молдағалиевтің өлеңдері оқылды. Серіктес мектептер жобасының аясында зияткерлер Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінде «Кім? Қайда? Қашан?» […]


«Шеберлер ауылы» көрмесі өтті

Көкшетаудағы NIS-те «Шеберлер ауылы» көрмесі өтті. Жәрмеңкеге сәндік-қолданбалы өнер туындылары, қолдан жасалған тәттілер, түрлі әшекей бұйымдар ұсынылды. Шараға ата-аналар мен қаланың шағын және орта кәсіпкерлері жиналды. Әр шаңырақ қыш өнері, зергерлік өнер, жүн илеу, тоқу, тағам дайындау өнерлерін ортаға салды. Педагог-ұйымдастырушы-кураторлардың айтуынша, «Шеберлер ауылы» шарасының мақсаты – зияткер жастарды еңбекке, шығармашылыққа баулып, ұлттық және заманауи […]


Көкшетаулық Зияткерлер «Креатив-бой» жүлдегері атанды

Қарашаның 16-17-сі күндері 9-сынып оқушылары арасында «Креатив-бой» желілік топтық зияткерлік ойыны өтті. Ұйымдастырушы – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Ойынның қорытындысы бойынша, Көкшетаудағы NIS оқушылары жүлделі 3-орынға ие болды. «Креатив-бой» – оқушылардың сыни ойлауын, функционалды сауаттылығын, шешендік қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған ақыл-ой сайысы. Көкшетаудағы NIS-тен аталған байқауға 4 оқушы қатысты. […]


Мектеп ұжымы Тоқат Есенұлын құттықтады

Бүгін Көкшетаудағы NIS ұжымы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тілеубердин Тоқат Есенұлын зейнет жасқа келуімен құттықтады. Мектеп директоры Шырын Жұмабекова ұлағатты ұстаздың мектеп қабырғасындағы ерен еңбегін атап өтіп, алғыс хат табыстады. Тоқат Есенұлының әріптестері де жылы лебіздерін жеткізіп, биология пәнінің мұғалімі Гүлдана Құрманәлі ән шырқады. Тоқат Есенұлы. Білім беру саласындағы 45 жыл Мерейлі жасымен қоса биыл […]


Биология апталығы басталды

Көкшетаудағы NIS-те кезекті пән апталығы басталды. Дәстүрлі таңғы жиында «Биология – өмір өркені» атты биология апталығының ашылуы өтті. 20-25-қараша аралығында биология әдістемелік бірлестігімен ашық сабақтар мен онлайн кездесулер, «Даналық бейсенбі» жобасы мен эко-квесттер жоспарланған.


Ұлағатты әкелер: Жылқыны қолға үйрету өркениетінен заманауи автокөліктерге дейін

«Ұлағатты әкелер» жобасының кезекті қонағы – 8-сынып оқушысы Ернар Тілеуғабылдың әкесі Болат Шәрипов. Ол Зияткерлерге жылқының қолға үйретілген күнінен бастап заманауи автокөліктерге дейінгі өркениет жайында баяндады. Зияткерлер теориядан бөлек, жолда жүру ережелерін білу деңгейлерін тексеріп, симуляторларда көлік жүргізіп көрді.