Химия апталығы қорытындыланды

Көкшетау қаласындағы NIS-те химия апталығы қорытындыланды. Бес күн бойы Зияткерлер түрлі сайыстарға қатысып, сабақтарда білімдерін сынап көрді. Интеллектуалды ойындар мен топтық жұмыстар апталықтың көрігін қыздыра түсті. Сондай-ақ 12-сынып оқушылары халықаралық сұхбатқа қатысты.


Табысқа апарар жол бірге басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» дәстүрлі «Жас Ұстаз: табысқа апарар жол» атты аймақтық жас мұғалімдер форумына Ақмола облысының  жалпы білім беретін мектептерінің тоқсаннан астам ұстазы қосылды. Осы жылы басымдық ауыл мектептерінің мұғалімдеріне беріліп отыр. Шара Көкшетау қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Нәжмиден Нұралиннің сөзімен басталып, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Төлеген Нөгербаевтың сөзімен жалғасты. Степногорск қаласы, […]


Көкшетаудағы NIS оқушылары Қытайда

Көкшетаудағы NIS оқушылары «7th Belt and Road» мұғалімдер мен оқушыларға арналған семинарға қатысты. Қытайдың Шыңжаң өңірінде өткен шараға биология пәнінің мұғалімі Бахыт Мусагулованың жетекшілігімен Мадина Абатова, Айгерим Ислямова, Еділ Қуанышбеков, Расул Мейрам және Дінмұхаммед Жақсылық, Чунцин қаласына Аружан Жәнібек барып келді. Шыңшаң ғылым, техника және білім беру салаларындағы тығыз халықаралық қарым-қатынастарға көңіл бөліп, шекаралас елдермен […]


Зияткерлер 48 сағат ішінде IT жобалар әзірледі

Зияткерлер «NIS Hackathon» стартап жобалар сайысында бақ сынады. Көкшетаудағы NIS-тің 52 оқушысы қоршаған ортаны, әлеуметтік жағдайды өзгертуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін жобаларын 48 сағат ішінде жасап, қазылар алқасына ұсынды. Оларды информатика пәнінің мұғалімдері бағалады. Жас өнертапқыштар бірнеше бағыт бойынша жоба әзірледі. Олар: Қашықтан оқытуды оңтайландыру; Білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдау; Оқушылардың денсаулығын бақылау мен […]


Батырхан Шүкеновтың «Сағым дүниесі» «Бір әннің тарихы» жобасында

Жаңа оқу жылында дәстүрлі «Бір әннің тарихы» жобасын «Алтын Емел» шаңырағы бастады. Сәрсенбіде Зияткерлер Батырхан Шүкеновтың «Сағым дүние» әнінің жазылуына тоқталып, тарихын сабақтады. 10-сынып оқушысы Мадина Алкулова аталған әнді қосымша білім беру педагогтары Әділ Төреғожин мен Анастасия Ператинскаяның музыкалық сүйемелдеуімен шырқап, көрерменнің көңілінен шыға білді. «Алтын Емел» шаңырағы кезекті «Көкшетау» шаңырағына берді.


Таңғы жиында желілік спартакиада жеңімпаздары марапатталды

Көкшетаудағы NIS үшін екінші тоқсан жағымды жаңалықтармен басталды. Дәстүрлі таңғы жиында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан және баскетболдан өткен желілік спартакиада жүлдегерлері мен жеңімпаздары марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, мектептің тоғызқұмалақтан кіші тобы 1-орынға, жоғары тобы 2-орынға ие болды. Жеке есепте Әзиз Әбділман мен Мират Жұмағұл 1-орын, Айзат Сәрсенбай 2-орын алды. Спортшылар Семейде баскетболдан жүлделі 3-орын […]


Көкшетаудағы NIS мұғалімдері ауылдық әріптестеріне шеберлік сағатын өткізді

Елордада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараның секциялық отырыстарында 330-дан астам мұғалім шетелдік және отандық білім беру сарапшыларымен бірге ең өзекті тақырыптарды талдауға мүмкіндік алды. Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары да аталған алаңда ауылдық мектептерден келген әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. 2013 жылы Қазақстанда […]


Қызметкерлердің балалары бір күндерін NIS-те өткізді

Бүгін мектеп қабырғасында Көкшетаудағы NIS қызметкерлерінің балалары бір күндерін өткізді. Мектептің қосымша білім беру педагогтары балаларға арнап түрлі шеберлік сағаттары мен спорттық шаралар ұйымдастарды. Демалыс уақыттарын ата-аналарының жұмыс орнында қызық әрі пайдалы өткізген бүлдіршіндер жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.


Қалалық ғылыми жобалар байқауы үздіктерді анықтады

Көкшетаудағы NIS қалалық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-6-сынып оқушылары озық ойлары мен үздік жобаларын ортаға салды. Сондай-ақ Зеренді ауданының «Красный Кордон» негізгі мектебі мен Красный Яр селосының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары да қатысты. Байқауда 6 секция бойынша барлығы 44 жоба қорғалды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен қала мектептерінің […]


Тоғызқұмалақшылар додаға түсті

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада бастау алды. NIS пен Астанадағы Халықаралық мектептен 94 оқушы жүлдеге таласады. Көкшетаудағы NIS оқушылары да қызу дайындықпен додаға түсті. Кіші топта Әзиз Әбділман мен Айзат Сәрсенбай, орта топта Жантөре Оңғарбай мен Ажар Сәрсенбай, жоғары топта Мират Жұмағұл мен Аружан Кабдрахманова мектеп намысын қорғайды. Ойын «PlayOK» платформасында 2 […]