«Тарих және география» апталығы мәресіне жетті

Қараша айының 4-і мен 11-і аралығында Көкшетаудағы NIS-те «Тарих және география» апталығы өтті. Апталық «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» атты саптүзеуден басталды. Оқушылардың бойында ұлттық патриотизмді тәрбиелеу, Тәуелсіздікті ұлықтау және құрметтеу мақсатында Абылай хан, Ақтамберді жырау, Әлихан Бөкейханов пен Жұбан Молдағалиевтің өлеңдері оқылды.

Серіктес мектептер жобасының аясында зияткерлер Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінде «Кім? Қайда? Қашан?» ойынына қатысып, жүлделі 1-орын иеленді. Апталық «Елімнің тарихы – менің тарихым» конференциясымен аяқталды. Конференция туған елдің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың кіші Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында өткізілетін «Менің кіші Отаным» конкурсының жұмыстарына арналды.

Әр оқушы өз зерттеуінің маңызына тоқталып, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Қатысқан зияткерлерге номинациялар берілді.

IMG_2717IMG_2715IMG_2714