Аружан Жәнібек – Халықаралық конференцияның алтын жүлдегері

Көкшетаудағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Аружан Жәнібек Кореяда өткен ICPC шығармашылық жұмыстардың 6-Халықаралық конференциясы мен   Олимпиада ойындарының алтын жүлде иегері атанды.

Ол «Жерұйық» атты топырақ құрамын талдауға мүмкіндік беретін кешенін таныстырды. Бұл құрылғының көмегімен топырақтың құнарлы бөлігінің қажет қоректі заттармен қамтамасыз етілуін тексереді.

Айта кетейік, Аружан бұған дейін Қытайда өткен мұғалімдер мен оқушыларға арналған «7th Belt and Road» семинарына қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген болатын.

IMG_5507IMG_5508IMG_5510IMG_5511IMG_5512