Көкшетаулық Зияткерлер «Креатив-бой» жүлдегері атанды

Қарашаның 16-17-сі күндері 9-сынып оқушылары арасында «Креатив-бой» желілік топтық зияткерлік ойыны өтті. Ұйымдастырушы – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Ойынның қорытындысы бойынша, Көкшетаудағы NIS оқушылары жүлделі 3-орынға ие болды.

«Креатив-бой» – оқушылардың сыни ойлауын, функционалды сауаттылығын, шешендік қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған ақыл-ой сайысы. Көкшетаудағы NIS-тен аталған байқауға 4 оқушы қатысты. Олар – Марал Тоқтамыс, Қайрат Ескен, Даниэль Жакупов, Рауан Султанов. Жетекшілері – тарих пәнінің мұғалімі Амангелді Калымтаев пен информатика пәнінің мұғалімі Алма Елеманова.

Оқушылар алғашқы іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, ақтық кезеңнің нәтижесі бойынша, 18 топтың арасынан жүлделі 3-орынға тұрақтады.

Амангелді Калымтаевтың айтуынша, оқушылар өз міндеттерін жоғары деңгейде орындады.

IMG_8762IMG_8766